Қоғам • 01 Наурыз, 2024

«Өзім де толқып кеттім». Жәнібек Савельев жетім балаларға ерекше тосынсый жасады

557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 жыл бұрын бельгиялық әйел асырап алған қазақ баласы Қазақстанға қайта келді. Жәнібек Савельев 28 ақпан күні «Мың алғыс» іс-шарасына қатысып, туған анасын іздеуге қол ұшын созып жатқан жандарға ризашылығын білдірді. Ал бүгін ол Балалар ауылына барып, әкесіз, анасыз өсіп жатқан бүлдіршіндерге сыйлық үлестірді, деп жазады Egemen.kz.

«Өзім де толқып кеттім». Жәнібек Савельев жетім балаларға ерекше тосынсый жасады

Фото: instagram_muratsaveliev

Жәнібек бүгінгі Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шарасына қатысты. Ол Арқалықтағы балалар үйінде кешкен естеліктерін бөлісіп, сондай орталықтарда жұмыс істейтін тәрбиешілерге алғыс айтты.

«Осы мейірімді мерекеде алғысымды білдіру үшін, Астанадағы @kindervillage ауылындағы балаларды қуантып, көптеген сыйлық, ойыншықпен баруға рұқсат етілді. Кейбір балалардың анасы да, әкесі де жоқ және олар кәмелетке толғанға дейін осы Балалар ауылында түрлі жастағы балалармен бірге аралас отбасында тұрады екен. Олар сыйлықтарды алып, ашып, көріп жатқанда, жүзіндеріндегі қуанышты байқап, өзім де толқып кеттім.

Осы ерекше мерекеде әр баланың жақсы, жылы үйде өмір сүруін тілеймін Әр баланың әдемі әпкесі мен ағасы болып, жалғызсырамауын сұраймын. Әр адамның алдында жарқын болашақ болса екен деп тілеймін», деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында.