Ауыл • 01 Наурыз, 2024
Аудан орталығы Ақсуаттың тап іргесіндегі Екпін ауылының тұрғындары үшін балаларының алаңсыз сабақ оқуы әзірге арман болып тұр. Себебі салынғанына 30 жылдан асқан Ы.Кабеков атындағы орта мектеп апатты болып танылған. Әсіресе үшінші қабатының төбесінен ылғал өтіп, қабырғасының сылағы түскендіктен, ондағы пән кабинеттерінің (биология, бастауыш сынып, химия, қазақ әдебиеті) есігі тарс жабылып, сабақ өткізуге жарамсыз. Соның салдарынан мектептегі 365 оқушы екі ауысымда оқып жүр.
Таным • 01 Наурыз, 2024
Наурыз мейрамы: Тұжырым мен шешім
Бүгінгі оқырманның сауаты мен сәуесіне сенгендіктен, мақаламызда тәптіштеп, егжейлеп баяндаудан гөрі, Наурыз мейрамына қатысты танымдар мен дәйектерді тұжырымдап жеткізуді жөн көрдік. Көзіқарақты оқырман қалғанын өзі толықтырып, санасына тоқитыны сөзсіз.
Айбын • 01 Наурыз, 2024
Әрбір азамат – Отан қорғаушы. Ол кез келген уақытта төтеннен төнген жаудың бетін қайтаруға, елі мен жерін дұшпаннан қорғауға дайын болуға тиіс. Бұл сөзіміз елдің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ететін ІТ саласы мамандарына да тікелей қатысты десек, артық айтқандық емес.
Әскер • 01 Наурыз, 2024
Қарулы күштер жасағының балалары «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалдарына барды. Олар арнайы бөлімшелерде үш апта бойы мәдени және сауықтыру іс-шараларынан бөлек мектеп бағдарламасы бойынша білім алады. Мұндағы мақсат – келешек буынның бойына әскери-патриоттық тәрбиені сіңіру.
Қоғам • 01 Наурыз, 2024
Цифрландыру үдерісі елімізде қарқынды жүріп жатыр десек те, біршама олқылықтың бары белгілі. Мысалы, «+1 Илон Маск» жобасы жүргізген сауалнама нәтижесінде 196 мың ауыл баласында компьютер жоқ. Осы қайырымдылық қорының басы-қасында жүрген еріктілер қазірдің өзінде 166 ноутбукті ауыл жеткіншектеріне табыстап, жоқты жонып тауып отыр.