Аймақтар • 28 Наурыз, 2018
Қызылжарда ауыз су мәселесін толық шешуге кедергі көп
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету басым бағыт болып қала беретінін Елбасы талай рет қадап айтқан болатын. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында судың тым тапшылығы ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатеріне жатқызылуы тектен тек емес.
Театр • 28 Наурыз, 2018
Астанада І «Алтын шымылдық» театр жүлдесі табысталды
Астана қаласының сахна майталмандары Халықаралық театр күнін тойлады. Биылғы өнер мерекесінің ерекшелігі сол – елорданың үздік театрларына І «Алтын шымылдық» театр жүлдесі табысталды. Аталған байқау Астананың 20 жылдық мерейтойына орай арнайы ұйымдастырылып отыр.
Қаржы • 28 Наурыз, 2018
Әлемдік астық нарығы және Қазақстанның әлеуеті
Әлемдік экономиканың өсу көрсеткіші осыдан екі жыл бұрын айтарлықтай төмендеген тұста астық нарығы да біршама тұралап қалған еді. Артынша жаһандық сауда-саттық қайта жанданды. 2018 жылдың басында тіркелген есеп бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде, Канада, Кытай және Жапония сынды әлемнің алпауыт экономикаларында қаржылық жағдай тұрақталды, өсім үлесі артты. Бұл ретте астық экспорттаушы елдер үшін жағдайдың тұрақты болғаны аса маңызды.
Қазақстан • 27 Наурыз, 2018
Астанада автотұрақ ақысын төлемеушілердің тізімі құрылады
Автотұрақ ақысын төлемеуге қатысты құқық бұзушылықтардың оқиғаларымен 2888.kz/kz сайтында танысуға болады. Көлік иелері автотұрақ ақысын төлемеген көлік құралдары нөмірлерінің тізімі күн сайын жаңарып отырады, деп хабарлайды «Парковочное пространство Астаны» ЖШС.
Қазақстан • 27 Наурыз, 2018
Елордадағы білім беру мекемелерінің өрт қауіпсіздігі тексеріледі
Бүгін қала әкімдігінде Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева СОСО-тары мен адамдар көп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша брифинг өткізді.