Қазақстан • 30 Наурыз, 2022
Еңбегімен ел құрметіне бөленген
Ондай адамдар көп қой десек те, Солтүстік Қазақстан облысының бүгінгі абызы Жақсылық Ысқақовтың елге сіңірген еңбегі тіпті айрықша. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады», деп атап айтты. Осы қасиеттердің бәрі де Жәкеңнің бойынан табылады. Солтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі Қызылжар мен Тимирязев аудандарын ашып, өз қолымен қадасын қағып, одан Шал ақынның бір кезде облыстағы ең үздік аудан болуына өлшеусіз үлес қосқан Жәкең 10 жыл бойы облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып, ауыл шаруашылығының өсуі мен өркендеуін жоғары деңгейге көтере білген жан. Кеудесіне Кеңестің Ленин орденінен бастап 5 орденді қадауы сол еңбектерінің өтеуі.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2022
Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында Қазақстан Журналистер, Жазушылар одақтарының облыстық филиалдары және облыстық мәдениет басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен жазушы-журналист Сәкен Сыбанбайдың «Ғаламтордағы махаббат» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Қоғам • 30 Наурыз, 2022
«Киберқадағалау» нәтижесіз емес
Елімізде соңғы екі ай ішінде полиция қызметкерлері 378 есірткі қылмысын анықтап, 7 зертханасын жойған. Тіркелген қылмыстардың 248-і есірткі заттарын өткізуге, 85-і аса ірі мөлшерде сақтауға қатысты.
Білім • 30 Наурыз, 2022
IT байқауының қорытындысы шықты
Жүлде қоры 3,5 млн теңгені құраған BILIM Hackathon-2022 IT байқауының қорытындысы шықты. Жеңімпаздар қазақстандық IT-компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2022
Әкім мен әлеуметті жақындатқан жүздесу
Облыс халқымен жаңа формат аясында есептік кездесулер өткізіп жүрген өңір басшысы Жеңіс Қасымбек бұл жолы Бұқар жырау ауданына барып, сондағы бірқатар ауылдың тұрғындарымен жүздесті. Иә, алыстағы ауылға, шалғайдағы ауданға барып, халықпен бетпе-бет отырып сөйлесу, олардың өтініш-тілегін, сын-ескертпесін өз құлағыңмен есту – бұл әкімдерді қара халыққа жақындата түсетін алғышарт.