Оқиға • 29 Наурыз, 2022

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның екі өңірінде «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 26 наурызда Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратурасы бірлесіп, сондай-ақ арнайы жасақ бөлімшесінің қатысуымен Алматы қаласында және Алматы облысында арнайы операция өткізді. Оның барысында «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін ұстады.

Топ мүшелері бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Жүргізілген арнайы операцияның нәтижелері бойынша ұсталғандардан екі «Калашников» автоматы, аңшылыққа арналған 5 шолақ мылтық, екі жауынгерлік тапанша, «Калашников» пневматикалық автоматы, «Ф-1» қорғаныс қол гранатасы, оқ өтпейтін екі кеудеше, аңшылық пышақ, түрлі калибрлі 350-ден астам оқ-дәрі, сондай-ақ 5700 АҚШ доллары және 107 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді», деді полиция қызметкерлері.

Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың өзге де ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.