Спорт • 29 Наурыз, 2022

Қоржында – қос жүлде

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында фристайл-могулдан жасөспірімдер арасында әлем біріншілігі өтіп жатыр.

Қоржында – қос жүлде

Былтыр Алматыда жалауы желбіреген әлем чемпионатында қола медальды иеленіп, биыл Бейжіңде алауы тұтанған Олимпия ойындарында бақ сынаған Анастасия Городко Апеннин түбегінде өте тамаша өнер көрсетуде. Жекелеген сайыста кенді Алтай өңірінен келген 16 жастағы қызымыз күміс медальды мойны­на ілді. Аса тартысты бәсекеде ол амери­калық Элизабет Лемлиден ғана қалып қойды. АҚШ-тың тағы бір спортшысы Элли Макгуй қола жүлдені қоржынына салды.

Параллельді могулдан өткен аралас коман­далық жарыста Федор Бугаковпен жұп құрған Анастасия Городко тағы да екінші орынды еншіледі. Бұл жолы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына Американың өрендері көтерілді.