Пікір • 07 Наурыз, 2022
Amanat партиясының қоғамдық қабылдауы
Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Amanat партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2022
Қостанайда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткен мерекелік жиында көпбалалы аналар алтын мен күмістен алқа тақты. Салтанатты іс-шара барысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов батыр аналарға жеті «Алтын алқа» және тоғыз «Күміс алқа» табыс етті.
Қоғам • 07 Наурыз, 2022
Жүз жасаған қарияларымыздың, шүкір делік, ортамызда жүргені қуантады. Бір ғасыр ішінде ұлт тарихындағы қаншама оқиғаларға куә болған қариялардың өнегелі өмірі – бүгінгі ұрпаққа үлгі. Түркістан облысы, Ордабасы ауданы әкімдігі алдағы уақытта жүз жасаған қарттардың өмір жолы, жеткен жетістіктері туралы деректер жинап, аудан архивін жасамақ. Сол арқылы да өскелең ұрпақты өткен тарихымызбен жан-жақты таныстырмақ.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2022
Күн құланиектеніп атып келе жатқанда биік көктен билеп ойнап ақ ұлпа қар жауған. Төңіректің бәрі көзқарықтырардай аппақ-ау, аппақ. Кіршіксіз, аппақ әлемде Ирина Харламова өзі жұмыс істейтін балабақшаға аяғы жерге тимей асығып келеді. Ежелден табиғаттың осындай бір тазалығын ұнататыны бар. Жан тазалығына, ар тазалығына ұқсас көркем көрініс көкіректегі пейіліне тым жақын, тым ыстық.
Білім • 07 Наурыз, 2022
Оқушылар АҚШ-қа жолдама жеңіп алды
Қазақстандық 30-дан аса оқушы АҚШ-қа жолдама жеңіп алып, FIRST Alumni мәртебесін иеленді. Аталған мәртебе оқушыларға әлемнің 200 беделді университетінің біріне оқуға тапсырса, грантқа өтуіне артықшылық береді. Қазақстан атынан іріктелген команданың бұл мүшелері енді халықаралық сайыста жүлдеге таласады.