Үкімет • 06 Наурыз, 2022
Туысқан Түркиямен екіжақты байланыс нығая түседі
Бауырлас елдер Қазақстан мен Түркия барыс-келіс пен алыс-берісті одан әрі жандандырмақ. Елордада ұйымдастырылған Қазақстан-Түркия бизнес форумында жасалған келісімдердің түпкі мәні де осында жатыр.
Ахмет Байтұрсынұлы • 06 Наурыз, 2022
Ахмет Байтұрсынұлының пассионарлық тұлғасы
Ахмет Байтұрсынұлы – көрнекті лингвист-ғалым, қазақ тіл білімі мен ұлттық әдебиеттану ғылымының, журналистикасының негізін салушы, ұлттық әліпби мен емле реформаторы, алғашқы әліппенің авторы, қазақ ғылымы мен білім беру жүйесін ұйымдастырушы, қазақ филологиясының тұңғыш профессорларының бірі (1928), (РК, фонд 1142, офис 1, дело 1), ақын, философ, мәдениеттанушы, саясаткер, идеолог, педагог, өнертанушы, XX ғасыр басындағы ұлт зиялыларын тәрбиелеген ағартушы ғалым, қазақ руханияты тарихындағы аса ірі тұлға, қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының ғана емес, барлық замандағы ұлтшылдардың рухани көсемі.
Өнер • 06 Наурыз, 2022
Кеңес өкіметінің керітартпа саясаты кімді тәлкектемеді дейсің. Миллиондаған жазықсыз адамдардың тау-тау боп үйілген бассүйектерінің үстіне тұрғызылған социализм идеясы кімді рухани мүгедек етпеді. Біз, жалпы, Кеңес өкіметінің келмеске кеткен елесімен күресіп не ұтамыз деген ойдан алшақ болуымыз керек. Жалпы, тамырланған жүйені бір күнде түбірімен қопарып тастау мүмкін емес. Біз сияқты көп теперіш көрген ұлттар оның салдарымен әлі де күресе береді.
Қоғам • 06 Наурыз, 2022
Жарық күндей жан-жағына шұғыла шаша алатын жандар көп емес. Бірақ жоқ емес. Тіршіліктің мейірім жібін жалғап тұрған солар. Бүкіл әлемді құшағына сыйғызардай үлкен жүректің иесі де солар. Қатал уақыттың қақыраған аязы айналаға қарауға мұрша бермей, жан жылуын өзге түгілі өзіне жеткізе алмай әрі-сәрі күйде мың құбылған қоғамды шарапат құбыласына бастап, ізгілікке үндейтін һәм жарық сәулеге қарай жетелейтін тағы да солар...
Руханият • 06 Наурыз, 2022
Осы суретке көз алмай қараймын. Жаныңызды баурап алатын бір сырлы сұлулық бар. Бойыңызды сағыныш билеп, нәзік әуенге елтігендей күй кешесіз. Көз алдыма анамның жас кез келді. Бір қарағанда, ұқсайтын секілді. Керімсал дала, жайқалған көк майса. Арғы жағынан таулардың сұлбасы ағараңдайды. Ошақта жанған от үстіндегі қазанға қарап, мейірімді жас ана ойға батқан. Не ойлап отыр екен дейсіз... От –деген өмір. Өмірдің ұйытқысы –ана. Осы екі ұғым бір-бірімен сәтті үйлесім тапқан.