Үкімет • 28 Наурыз, 2025
Спортты дамыту туралы заңды мақұлдады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар дене шынықтыру және спорт, артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелеріне қатысты заңды қарады. Сондай-ақ отырыста депутаттық сауал жолданды.
Банк • 28 Наурыз, 2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Ұлттық банктен «соңғы сатыдағы қарыз» алатын банктерге арналған жаңа ережелерді жариялады. Енді мұндай банктер акционерлерге дивиденд, басшыларға бонус төлей алмайды және әкімшілік шығыстарды арттыруға да құқылы емес.
Университет • 28 Наурыз, 2025
Farabi University: ғылым, инновация, өндіріс интеграциясы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазіргі заманда экономика инновацияға негізделуі керек екені сөзсіз. Біз ғылымды дамыту, соның ішінде қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыруға, ғылым мен өндірістің байланысын күшейтуге баса мән беріліп отыр», деп атап өтті. Сондай-ақ «Қазақстанда әлі күнге дейін бірде-бір ғылым қалашығы жоқ» екенін айта келе, «Үкімет осы бастаманы жан-жақты зерделеп, тиісті заң дайындауы керек» деп нақты тапсырма берді.
Білім • 28 Наурыз, 2025
«Біртұтас тәрбие» – адал азаматты қалыптастыратын бағдарлама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы Ұлттық құрылтайда бала оқыту ісінде бұған дейін білімге көбірек көңіл бөлініп келгенін, ұрпақ тәрбиесіне қатысты жүйелі ұстаным болмағанын, бұл бағытқа тиісті деңгейде ден қойылмай отырғанын сынға алып, біліммен бірге тәрбиеге айрықша назар аудару өте маңызды екенін айтты. Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінде мектепке дейінгі, орта білім, кәсіптік-техникалық білім ұйымдарындағы тәрбие мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Оған Оқу-ағарту министрінің орынбасары Еділ ОСПАН, Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан ҚАЛМАҚОВ, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Анар ТӘҢІРБЕРГЕНОВА, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қаласы филиалының төрағасы Бекдайыр КҮЗЕМБАЙ, А.Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының аға тәлімгері Данияр ИХСАН, М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Арсланбек МАРАТҰЛЫ қатысып, орнықты ой-пікірлерін ортаға салды.
Маман • 28 Наурыз, 2025
Бізде инженер мамандығы бар ма, жоқ па?
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес жиынында инженерлік-техникалық маман даярлаудың ұлттық үлгісін әзірлеуді тапсырып, бұл – «отандық өнеркәсіп үшін ерекше өзекті мәселе екенін» айтты.