Ауа райы • 27 Наурыз, 2025

Қар еруіне байланысты автожолдар жабылды

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ақпарат таратқан «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жолдардағы жағдай – еріген қар суына байланысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz

Қар еруіне байланысты автожолдар жабылды

Фото: istockphoto.com

Бүгінгі сағат 08:00 бойынша 3 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы: 

«Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы: 

Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы: 

«Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 41 арнайы техника және 65 маман жұмылдырылған.