Үкімет • 03 Наурыз, 2023
Баспасөз хатшылары: жауапкершілік пен біліктілік
Астанада баспасөз хатшыларына арналған екі күндік семинар өтіп жатыр. Іс-шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Президенттің баспасөз қызметі, Қазақстандық қоғамдық даму институтының «MediaLab» орталығы және «Maqsut Narikbayev university» бірлесіп ұйымдастырды.
Медицина • 03 Наурыз, 2023
Иммунитеттің басты «жауы» – күйзеліс
ДДҰ мәліметі бойынша адамдардың тек 10%-да ғана өзін ауру-сырқаудан қорғай алатын иммунитет бар. Тағы 10%-ы туабітті иммунитет тапшылығына ұшырағандықтан, бұлар өте жиі ауырып қалады. Халықтың қалған 80%-ында иммундық жүйесінің күші өмір салты мен әлеуметтік жағдайларына байланысты.
Технология • 03 Наурыз, 2023
Дауысты мәтінге айналдыратын технология
Қазір сан түрлі ақпараттан көз сүрінеді. Оның қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін ажырату да қиын. Әйтеуір солардың арасынан құмнан алтын сүзгендей жылт ете қалған жағымды жаңалыққа елең ете қаласың. Бір ай бұрын Nazarbayev University-індегі Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының ғалымдары (NU ISSAI) түркі тілдеріндегі сөйлемдерді танитын технология әзірлегенін жазып, оқырман қауымнан сүйінші сұраған едік. Бұл жолы ғылым ордасына арнайы барып, технологияны жасаған мамандармен тілдесуді жөн көрдік.
Білім • 03 Наурыз, 2023
Ғалымдар ғылыми дәрежесін дәлелдеу үшін «Scopus» немесе «Web of Science» сияқты деректер базасында мақала жариялауға міндетті. Алайда осы бір міндеттеме көп ғалымның бағын байлап тұр. Өйткені ғылыми мақала Scopus талаптарына сай келмесе немесе басылымдарды зерттеушінің тақырыбы қызықтырмаса, жарияланбайды.
Білім • 03 Наурыз, 2023
Жекеменшік мектеп: Білім бе, әлде бизнес пе?
Елдегі өзекті мәселенің бірі – мектептердегі орын тапшылығы. Қазір білім ордаларында 250 мыңнан астам орын жетіспейді. Бұл көрсеткіш үш жылда 1 млн-нан асады деген болжам бар. Сол себепті Үкімет мемлекеттік мектептермен қатар жекеменшік білім ошақтарын да қолдауға көңіл бөле бастады.