Қазақстан • 29 Наурыз, 2022
Консорциумдағы жағдай бақылауда
Каспий құбыры консорциумында орын алған жағдай кейбір мамандар айтқандай аса күрделі емес. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты. «Рас, дауыл 3-жылжымалы айлақ қондырғысының тоқтауына әсер етті. Екінші қондырғыда іркілістер байқалды. Апатты жағдайға жол бермеу үшін оны да өшіруге тура келді. Біріншісі тексеру жүргізілгенге дейін қауіпсіздік мақсатында тоқтатылды», деді министр.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2022
Халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор
Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің салтанатты отырысы өтті. Ауқымды жиын ұйымның 30 жылдық мерейтойына арналды.
Үкімет • 29 Наурыз, 2022
Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары – Жолдауды жүзеге асыру құралы
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды.
Экономика • 29 Наурыз, 2022
Қарапайым заттар экономикасы: Отандық өндірісті дамыта аламыз ба?
2018-2021 жылдарды қамтыған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аралық қорытындысын шығару жөніндегі мәселе қайта көтерілді. Жобаның о бастағы мақсаты ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз ету болатын.
Білім • 29 Наурыз, 2022
Көктемнің бірнеше мерекесін өткіздік. Мемлекеттік деңгейдегі атаулы күндер жақындаған сайын балаларға тақпақ тарату басталады. Содан соң оның кейбірін, соңғы кезде көбін ата-аналар әлеуметтік желілерде таратады. У-шудың көкесі сондай сәтте басталады. Өйткені тақпақтардағы ұйқастардың жоқтығы бір бөлек, мән-мағынасыз, құлаққа түрпідей тиетін тіркестерден сөз ұғатын адамның бәрі ұялады.