Пікір • 29 Наурыз, 2022

Саяси мәдениет – сауатты қоғамның негізі

675 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Барыс жылы Қазақстан мемлекеті, қазақ қоғамы үшін өз дамуының соны сүрлеуін салатын, жаңа бағытты айқындап, тағдыршешті қадамдар жасайтын аса жауапты әрі үміт пен сенімге толы кезең болып қалатыны даусыз.

Саяси мәдениет – сауатты қоғамның негізі

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Қаңтар оқиғасы – еліміздегі үлкен өзгерістің қозғаушы күші болғаны анық. Нендей жаңалықтар, эмоциялық толқу­лар болса да, Қаңтар оқи­ға­сына қатысты әділ тергеу жүруі керек. Мемлекет бас­шысы Жолдауының басты түйіні осы болды.

Құқық қорғау органдары­ның беделі мен репутациясы маңыз­ды. Институт ретінде репута­циясын сақтай отырып реформалау керек. Кез келген мемлекетте биліктің бас­ты функциялары – қорғаныс, ішкі тәртіп, әділ сот жүйесі, қаржылық инфрақұрылымды реттеу. Қалған бағыттар негі­зінен азаматтық қоғамның жұ­мы­сына көмек тұрғысынан қарас­ты­рылады. Сондықтан қор­ға­ныс пен ішкі тәртіпті қам­та­масыз ететін күштік құры­­лым­дардың беделі жоға­ры болуға тиіс. Оған нұқсан келті­ретін факторларды реформалап, ел сенімін қайтару аса маңызды.

Парламенттің беделін кү­шей­ту – ел күткен ең сын­дар­лы саяси реформа. Пре­зи­дентке қатысты ұсынылған шектеу­лер осы мақсатты ай­қындап тұр. Жоға­рыда айтыл­ған «ықпалды Пар­ламент» қағидатын жүзеге асыру үшін Сенат­тағы Прези­дент квотасын 15-тен 10 депу­татқа кемі­тіп, оларға заң жоба­сын қабыл­дау мен кері қайтару құқы­ғын міндеттеу, Қазақстан халқы Ассамб­леясы­нан сайланатын депутаттарды Сенат­қа жіберу де қоғамда біршама уақыт­тан бері айтылып келе жатқан мәселелер.

Осы орайда төменгі Пала­тада елімі­з­дегі түрлі саяси көз­қа­растардың көрініс та­уып, еш­кімге жасанды артықшылық бер­меу ұстанымы елімізде парла­ментаризм мәдениетін қалыптастырып, шын мәнін­де ел мүддесінен шығатын заң­дар­дың қабылдануына ықпал етеді деп сенеміз.

Партия құруға қатысты же­ңіл­­діктер маңызды. Бірақ мұ­ның кері жағы да жоқ емес. Қоғам­да бөлінушілікке себеп бол­мау үшін, саяси мәдениетті де да­мы­туға көңіл бөлу керек. Ай­на­лып келгенде, жалпы қоғам­дағы мәдениетті арттыру маңызды.

Қазіргі әлемде ақпараттық майданда қуатты болуымыз керек. Сол үшін БАҚ туралы заңға қатысты ұсыныстар да өзекті. Қаңтар оқиғасы кезін­де ақпарат­тық қауіпсіздік мә­се­лесі туындады. Ұлттық ақпа­рат­тық кеңістікті сақтау идея­сы толыққанды жүзеге асуға тиіс.

Елді елең еткізген үлкен жа­ңалық – қайта құрылған об­лыс­тарға қатысты шешімдер болды. Семейді Алаш қоз­ға­лы­­сының орталығы ретін­де, Ұлытауды – қазақ мемле­кет­тігінің тарихи ошағы, үлкен тарихи идеологиялық фактор ретінде атап өтуі өте маңызды. Еліміздің рухани, мәдени, әдеби әлемінде ерекше орын алатын, тарихы терең өңірлер облыс орталығы мәртебесін қайта иеленуі­мен екінші тынысы ашылатынына дау жоқ.  Оған орталық мәртебесін ал­ған Талды­қорған, Көкшетау, Түркістан қала­ларындағы жақ­сы үдерістерді мысал ретін­де айтуға әбден болады. Ен­деше, аталған өңір тұр­ғын­дары­мен бірге барша қазақ­стан­дық­тарды осынау тамаша табыстарымен құттықтағым келеді.

Қапшағайдың атына қа­тысты ұсыныс­тың мәні – та­рихи атауға немқұрайдылық емес, Дінмұхамед Қонаевтың тарих­тағы рөлін айқындап, тари­хи және идеоло­гиялық әді­летті қалпына келтіру тұр­ғы­­сынан өте зор мәнге ие. Бұл да ескі стереотиптерден бас тартуға деген нақты қадам деп қабылдаған жөн.

Жергілікті басқару жүйе­сіне қатыс­ты ұсыныстар, оның ішінде әкім­дерді сайлау жү­йесін енгізу – ең әуелі жер­гі­лікті халық­тың ай­мақ­тың дамуын­­дағы жауап­­­кер­шілігін арт­тыру деп қа­был­даған жөн.

Бұл Жолдауда басымдық саяси реформалар мен идео­ло­гиялық басымдықтарға беріл­гені байқалады. Эконо­ми­калық-әлеуметтік блок бойын­ша да біраз мәселеге тоқтал­ғанымен, салыстырмалы түрде аз айтылды. Оның себебі – халықаралық және аймақтық жағдаяттар­ға байланысты нарықтық шиеленістермен жұмыс істеу – Үкіметтің күн­делікті басты жұмысы. Стра­тегиялықтан гөрі нақты, жедел так­тикалық реакцияны талап етеді. Ал саяси және әкімшілік реформалар – сондай реакцияны тиімді әрі жедел көрсетуге қызмет етуге тиіс.

Елдің дамуы үшін, саяси мәдениет қалыптастыру жайы арнайы аталып өтті. Бұл үрдіс­тің адамдардың тікелей саяси өмірге араласып, өздеріне жауапкершілік жүктелгенде ғана қалыптасатынын ескеру қажет.

 

Мақпал ТӘЖМАҒАМБЕТОВА,

Парламент Мәжілісінің депутаты