Пікір • 29 Наурыз, 2022

Орынды ұсыныстарға қолдау білдірген жөн

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған маңызды бөлімдерге тоқтала өтсем, біріншіден, Президенттің Ұлттық құрылтай құруды, оған барлық өңірден өкілдер қатысатындығы туралы ұсынысын дұрыс деп санаймын.

Орынды ұсыныстарға қолдау білдірген жөн

Ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі мәсе­лелер үнемі күн тәртібінде тұруы қажет. Жергілікті жердегі қордаланған мәсе­лелер төменнен жоғары қарай жетіп, шешімін табатынына сенемін.

Екіншіден, Президенттің өкілеттілі­гін қыс­­қартып, Парламент рөлін айтар­лық­тай арт­­­ты­руды айтты. Бұл өзгеріс – заман талабы. Рет-ретімен іске асып, демократиялық жү­йе­нің пісіп-жетіле беретіндігінің айқын көрінісі.

Үшіншіден, Президент Конститу­циялық сот құруды ұсынды. «Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады», деді Президент.

Төртіншіден, халықтың көңілінен шық­қан үш облыс құру мәселесі де өте орынды. Талай дана, саясаткер тәрбие­ле­ніп шыққан Семей өңірінде Абай облысын құру және байтақ жеріміздің дәл ор­тасында Ұлытау облысын құру, соны­мен қатар Алматы облысын екіге бөліп, Жетісу облысын құру маңызды шешім деп есептеймін. Және Қапшағай қаласын Қонаев атына өзгерту идеясы өте орынды.

Жалпы, Жаңа Қазақстанды құруда әрқайсысымыз еңбектенуіміз қажет. Әр адам өзінен бастап дамып, жетіліп, елдің дамуы­­на қызмет етуіміз керек.

 

Уәлихан БОЛАТБЕК,

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты