Қасым-Жомарт Тоқаев халқын жұдырықтай жұмылдыруға күш салып отыр. Ол қазақстандықтар соңғы 30 жыл ішінде мақтан тұтқан тәуелсіздікті, бейбітшілікті, тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету үшін реформалардың қажеттігін түсінеді. Ол бастаған саяси реформалар елдің дамуын арттыруға жол ашады.
Бізді Қазақстандағы «Қасіретті қаңтар» оқиғасы мазалағаны рас. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз ел ретінде алға басуы үшін Президент Қ.Тоқаев өз сөзінде ақпаратты шынайы, ашық және толық есепке алу, жариялау керектігін айтты. Сондай-ақ қылмысты ашуды қамтамасыз ету бойынша белгілеген қадамдары заң үстемдігін және елдегі адам құқықтарын одан әрі нығайтуға ықпал етеді, халықтың сеніміне ие болады.
Өңірлік және жергілікті билік органдары арасындағы өкілеттіктердің, жауапкершіліктің және фискалдық ашықтықтың одан әрі аражігін ажырату кез келген қазіргі заманғы ел үшін алға бастайтын маңызды қадам екені даусыз. Қуатты өңірлер мен жергілікті билік органдары мықты және ұйымшыл қоғамдастықтар құрады. Қазақстандағы реформалардың жаңа пакеті нақ осыған бағытталған.
Даниэль ВИТТ,
АҚШ-тағы халықаралық салық және инвестициялық орталықтың президенті