Үкімет • 28 Наурыз, 2024
Энергетика саласындағы жобалар пысықталды
Премьер-министр Олжас Бектенов италиялық ENI компаниясының табиғи ресурстар бөлімшесінің барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде кездесу өткізді.
Үкімет • 28 Наурыз, 2024
Экономикалық ықпалдастық артады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, күн тәртібінде еліміздің сыртқы саясаты, экономикалық интеграция және өзге де маңызды мәселелерге қатысты заң жобалары қаралды.
Шаруашылық • 28 Наурыз, 2024
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Қазақстан-Чех халықаралық аквамәдениет орталығы ашылды. Ол жерде жаңа әдістерді қолдана отырып, балық пен суда өсетін басқа да тұқымдар зерттеледі, оларды көбейту жұмыстары жүргізіледі. Қазір мұндағы балық өсіру цехында африкалық жайын, тиляпия, көксерке, бекіре өсіріліп жатыр. Австралиялық көк шаян мен теңіз шаяны да бар.
Шаруашылық • 28 Наурыз, 2024
Қауіпті ауру қозбасын десек...
Былтыр республикадағы мал ауруының 19 түрі бойынша 235 ауру ошағы тіркелген. Нақтыласақ, Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Абай облыстарында анықталған. Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, кейінгі үш жылда қабылданған түрлі шараның нәтижесінде дерттің таралуы 41,2%-ға кеміген. Аса қауіпті ауруларға қарсы вакцина алуы үшін де аз қаржы бөлінбейді. Былтыр 11,4 млрд теңгеге 167,2 млн доза вакцина сатып алынған.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында жан азығы – кітап туралы жақсы айтты. Жаңа заман адамының рухани толысуына жетпей жатқаны да осы қазына.