Үкімет • 03 Наурыз, 2022
Халықаралық конвенция мақұлданды
Парламент Мәжілісінің Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында қаралғаннан кейін «Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы конвенцияны (175-Конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
Қоғам • 02 Наурыз, 2022
Сирек ауруға шалдыққандар баса мән бергенді қажетсінеді
Адамзат баласы жеті қат жер астын зерттеп, аспан әлемін алақанға салғандай анық бақылап отырғанымен, алуан түрлі індет пен ауру-сырқаудан, дерттен арыла алған жоқ. Әсіресе сирек кездесетін орфандық аурулардан айығу оңай болмай отыр. Өкінішке қарай, елімізде 10 мың адамның біреуінде ғана кездесетін мұндай ауруларға шалдыққан балалар саны 13 мыңға жуықтайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл осы мәселені ерекше назарға алып, тиісті тапсырма берді.
Қоғам • 02 Наурыз, 2022
Аудандардың дамуы неге ала-құла?
Алматы облысы аумағының 224 мың шаршы шақырымды алып жатқанын қаншалықты мақтанышпен айтсақ, осы алып өңірде шешімін күткен мәселелердің де аз емес екенін ұмытпау керек. Өйткені қазір облыс құрамындағы 17 аудан мен 3 облыстық бағыныстағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай айырма бар.
Қоғам • 02 Наурыз, 2022
Әлемдегі саяси жағдай шиеленісе түсіп еді, теңгеміз теңселіп кетті. Ұлттық валютаның құлдырауы елдегі тұрғын үй бағасын құбылтып жіберді. Салдарынан сырттан келетін құрылыс материалдары қымбаттауы мүмкін. Осыны аңғарған құрылыс салушылар жұмысты уақытша тоқтатуға мәжбүр. Бірдің кесірі мыңға тиеді деген – осы.
Мультимедиа • 02 Наурыз, 2022
Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысқа байланысты әлемнің атақты хакерлері де қарап жатпай, қарсылығын білдіре бастады. Anonymous атымен әйгілі топ Ресейге киберсоғыс жариялады. Іле-шала Кремльдің ресми сайты, осы елдің бірқатар мемлекеттік телеканалының интернет ресурстары уақытша жұмыс істемей қалды.