Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Пластик ойыншықтар несімен қауіпті?
Бүгінде тұрмыста қолданатын заттар, соның ішінде балаларға арналған ойыншықтар да негізінен пластиктен жасалады. Айта кетейік, пластик пен пластмасса – бір материал. Кеңес заманында пластик сөзі (ағылшынша – plastic) аз қолданғандықтан пластмасса сөзі жиі пайдаланылды.
Мәселе • 28 Наурыз, 2024
Құмар ойын құрдымға құлатпасын
Енді азаматтар өз-өздеріне құмар ойындарға қатысу мен бәс тігуге шектеу қоя алады. Ол үшін өтінішті «eGov» мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде беру керек. Осылайша, цифрлы формат көмегімен кез келген отандасымыз, ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер 6 айдан 1 жылға дейін шектеу орнатып, букмекерлік кеңсе мен онлайн казинода ойнау құқығынан уақытша айырылады.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Еліктіргіш энергетикалық сусындар
Кейінгі жылдары елімізде жастардың энергетикалық сусындарға тәуелділік мәселесі жиі көтеріліп жүр. Мектеп жасындағы балалардың HBSC (health Behaviour in School – aged Children) денсаулығына қатысты ұлттық зерттеудің былтырғы деректеріне үңілсек, сергіткіш сусындарды жасөспірімдердің 20,5 пайызы апта сайын ішетіні расталған. Сол себепті жүрек пен жүйкеге зиян мұндай өнімдерді енді 21 жасқа дейінгі азаматтарға сатуға тыйым салынбақшы.
Сұхбат • 28 Наурыз, 2024
Марат ПАШИМОВ: МӘМС арқылы зергерлік операция жасалады
Бүгін елемесең, түбі қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін кеселдердің алғы шебінде жүрек қан-тамырлары аурулары да тұр. Ал мамандар жүректі сақтауды ескертудей ескерткенімен, дерті әбден меңдеген науқастар кардиохирургтердің алдынан бір-ақ шығып жатады. Алайда кардиохирургиядағы озық технологиялардың септігімен жасалатын жүрек пен қан-тамырларына зақымы барынша аз операциялар дәтке қуат. Әлбетте, зергерлік дәлдікті талап ететін мұндай күрделі операциялардың артында білікті мамандардан құралған тұтас команда тұр. Ендеше, осы бағыттағы жұмыстар жөнінде Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының басқарма төрағасы Марат Пашимовтан біраз мағлұмат алдық.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Айшолпан Тапашева өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасымен 3 миллион 500 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, Ойыл ауданының орталығынан ветеринарлық дәріхана ашты. Қазір ол қой мен ешкі, ірі қара және жылқының кең таралған ауруларын емдейтін дәрі-дәрмек сатады.