Елбасы • 29 Наурыз, 2021
Ақталған сенім, көркейген елім
Тәуелсіздік – киелі ұғым. Оның еркіндік, бостандық, дербестік, егемендік деген секілді баламалары бар. Ол сөз ешкімге тәуелді емес, бағынышты емес, басыбайлы құл емес дегенді аңғартып тұратын үлкен мәнге ие. Шындығына үңіліп қарасаңыз, тәуелсіздік дегеніміз жанның азаттығы, рухтың еркін болуына саяды. Сондықтан да азаттықтың екі түрлі нысаны бар. Бірі – тәннің бостандығы, яғни кісенсіз, шынжырсыз, бұғаусыз емін-еркін дербес өмір сүруді білдірсе, екіншісі – сананың құрсауланбай байлаусыз, баянды тіршілікке ұмтылуы дер едік.
Коронавирус • 29 Наурыз, 2021
Мутацияланған коронавирус немесе Алматыдағы ахуал неліктен нашарлады?
Соңғы күндері «қызыл аймақта» тұрған мегаполистің эпидемиялық ахуалы қайта нашарлап, індет өрши түсті. Оған қоса қалада вирустың тез жұғатын британдық және оңтүстік африкалық штамдары тіркелді. Сенбіден жексенбіге қараған тәулікте індет жұқтырғандардың саны 500-ден асып жығылуы қала билігін жаңа шаралар қабылдауға мәжбүрлеп отыр. Осы орайда Алматының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.
Теннис • 29 Наурыз, 2021
Рыбакина мен Бублик – үшінші айналымда
Бұл күндері АҚШ-тың Флорида штатында өтіп жатқан теннистен Майами WTA 1000 жарысы өзінің шарықтау шегіне жақындап келеді. Халықаралық аса ірі додада бақ сынаған бес отандасымыздың тек екеуі ғана 1/16 финалға жолдама алды.
Қазақстан • 28 Наурыз, 2021
Өзбекстан Қазақстанның АӨК өнімдерін кіргізуге қатысты уақытша шектеулерді алып тастады
Өзбекстан Республикасы Қазақстаннан тасымалданатын құс және мал шаруашылығы өнімдерін кіргізуге тыйым салған уақытша шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР АШМ ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2021
Қарағандыда «Саран» шахтасынан өрт шықты
Шахтада транспортер таспасы мен ішкі қаптама жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.