Тәрбие • 28 Наурыз, 2024
Тәрбиеге ерекше көңіл бөлінеді
Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері жаңартылады. Мұндай маңызды тәрбиелік жұмыстар Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде іске асырылмақ. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Күн жылына басталғалы бір апта болды. Даладағы қар күрт ерімей, бір қатып, бір жібіген күйде. Дегенмен қарғын судан қауіп жоқ емес. Әзірге аймағымыздағы ахуал қалыпты. Жергілікті биліктің қатаң бақылауында.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылындағы үйлерін су алған тұрғындар төтенше жағдай жариялауды талап етіп, наразылығын білдірді. Себебі жағдай ушығып, біраз тұрғын үй мен аулаларды су басып қалған. Жағдайды көзбен көріп, жауапты мекемелердің уәжін тыңдап көрдік.
Технология • 28 Наурыз, 2024
Starlink шалғайдағы 2 мың мектепке жете ме?
Қазір еліміздегі 10 ауыл мектебі «SpaceX» компаниясының «Starlink» интернетіне тегін қосылған. Қанатқақты жобаға Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарының Көктал, Құйған, Қараой, Жіңішке, Ереуіл, Кеңсу, Сарыкөл, Талды, Қарағайлы, Майшұқыр ауылдарындағы мектептер қамтылған. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жылдам интернетпен мектептердің 80 пайызын қамтамасыз етіп, «Starlink»-ке 2 мың мектепті қосуды жоспарлап отыр.
Туризм • 28 Наурыз, 2024
Туризм – табысы тасқындап тұрған сала. Қазір әлемде кірісінің 90 пайыздан көбін осы саладан түскен қаражат қалыптастыратын елдер жетерлік. Біздің экономикамыз бұған қарап қалмаса да, артық ақша қалтамызды жарып шықпасы анық. Ондай қосымша кіріс көзі боларлық әлеует мол. Оны күні кеше әлем алдында тағы бір дәлелдеп бердік.