Туризм • 27 Наурыз, 2024
Алматының ғана емес, Қазақстанның жауһарына баланатын «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының ашылғанына – биыл 70 жыл. Жеті белес бедерінде талайдың табаны тиген Тәңіртаудың жотасында дүниенің төрт тарабынан жеткен журналист шаңғышылар да келіп сырғанады. Өз еліне олар Қазақстанның «Шымбұлағы» туралы көп сырды, керемет әсерді арқалай аттанғаны анық.
Таным • 27 Наурыз, 2024
Қазақ қоғамының бүгінгі күрмеулі мәселесінің бірі – оқу. Анығырақ айтқанда, оқырманның қазақ көркем шығармаларын оқуы. Бұл мәселенің айтылып жүргеніне көп жыл болды, һәм айтыла беретін секілді. Расында, қазіргі оқырман кімдерді оқып жүр? Қандай жанрдағы кітаптар көп оқылады? Әдеби сауалдамамыздың кезекті қонағы – жазушы Есболат Айдабосын. Дәстүрлі сұрақ: не оқып жүрсіз?
Руханият • 27 Наурыз, 2024
Біздің жастық шағымыз нағыз думанды ортада өтті. 1982 жылы сол кездегі еліміздің маңдайалды оқу орны С.М.Киров Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне қабылданып, студенттер қалашығындағы жатақханаға орналастық, жаңадан ашылған ғимаратта оқуымызды бастадық. Небір талантты ақындар мен жазушылар, журналистер білім алған білім ордасының кезекті толқыны болып біз де қосылдық. Алдымыздан сол кездің өзінде әдеби қауымға танылып қалған Светқали Нұржан мен Кенжебай Ахметов шықты. Кенжебай аға – прозаик, Светқали аға – ақын. Сөйтіп екі ақын болып жүргенде көп ұзамай Болат Қорғанбеков деген ақынның келгені. Енді үшеу болдық. Үшеуіміз бір үйдің баласындай болдық.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда «басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек» деген еді. Осы бір оймақтай ойдың астарында халықтың мыңжылдық тарихы мен дәстүрі жатқандай. Мұны ертеден түсінген облыстық «Jetisy» газетінің ұжымы көктем келе қазақы киім киіп, баба тәлімін дәріптеп жүр.
Теннис • 27 Наурыз, 2024
АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан «Мастерс» турнирінде Қазақстанның теннисшілері – Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина табысты өнер көрсетіп, ширек финалға шықты.