Мереке • 27 Наурыз, 2024
Айтты-айтпады, биылғы Наурыз тойы Шығыс Қазақстанда ерекше өтті. Көрісу күнінен басталған той он күнге созылып, сән-салтанаты жарасқан халық арқа-жарқа болып мерекеледі. Күні кеше жыл басы Наурызды қарсы алған ел «Тазару күні» деп, бұлақ көзін ашысты.
Жәдігер • 27 Наурыз, 2024
Адамзат тарихында көшпелі ғұндар дәуірі деген кезең бар. Бұл туралы 2010 жылы жарық көрген бес томдық «Қазақстан тарихы» атты еңбектің бірінші томының 245-бетінде: «Ғұндар – б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Моңғолияның оңтүстігі Ордастан Каспийге дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін жайлаған тайпалық одақ» деген пайым айтылыпты.
Таным • 27 Наурыз, 2024
Әл-Фараби «мінез – жан айнасы» деді. Қазақы ұғымда мінезі жақсы адамды «ішіне кеме жүзетіндей кең», «мінезі төр жайлаудай», «көңілі көлдей шалқыған жан» деп әспеттеп жатады. Шынында, мінез адам тағдырына тікелей әсер етуші күшке ие.
Оқиға • 27 Наурыз, 2024
Аягөзде суға батқан үш ер адамды іздеу жұмыстары ертең қайта жалғасады
Абай облысына қарасты Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш ер адамды іздеу жұмыстарына облыстық ТЖД, Полиция департаменті, ЖАО, ҚМ күштері мен құралдарынан барлығы 82 адам, 4 жүзу құралы, 9 бірлік техника, 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ жергілікті тұрғындардан азаматтар жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 27 Наурыз, 2024
Поэзияны асқақтатқан «Дариға жүрек»
Наурыз мерекесінің қарсаңында Шымкенттің Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың екі бөлімнен тұратын «Дариға жүрек» атты поэтикалық сазды толғауының премьерасы өтті. Спектакльге мұзбалақ ақынның «Дариға жүрек» пен «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының мазмұны арқау болды.