Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
Қарағанды облысында бес қала карантинге жабылады
Қарағанды облысында 30 наурыздан бастап Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай және Теміртау қалалары карантинге жабылатын болды. Бұл туралы тікелей эфирде өткен брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров мәлімдеді.
Руханият • 29 Наурыз, 2020
Ұлттық танымның өзегі – тарихи сана
Жеке тұлға өткені мен өмір сүріп отырған қоғамындағы болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға беріп, оң-терісін пайымдау үшін оның озық тарихи санасы болуы қажет. Ғалым-оқымыстылар «тарихи сана» дегенді – әрбір жеке адам, тұтас ұрпақтың тарихын сезінуі, өзінің шыққан тегін, өлкесін, халқын, нәсілін, оның рухани түп-тамырларын, өткен өмір жолын танып-білуі, сол арқылы патриоттық сана-сезімінің оянуы деп түсіндіреді.
Сұхбат • 29 Наурыз, 2020
«Өз Абайымды» жазып кетсем, арманым жоқ
«Менің сүйікті кітабым – Құран-Кәрім, ал ерекше жақсы көретін ақыным – Сергей Есенин» дейді бүгінде жетпіс жастың желкенін керген ақиық ақын Серік Ақсұңқарұлы.
МІТ ғалымдары Covid-19 дәрісінің үлгісін әзірледі
Барлық елдің ғалымдары бүкіл әлемді жайлаған қауіпті індеттің емін, екпесін табумен айналысып әлек. АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық институтының (МІТ) ғалымдары Covid-19 дәрісінің үлгісін әзірледі. Бұл туралы институттың ресми сайтында жазылған.
Коронавирус • 29 Наурыз, 2020
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 265-ке жетті
14:40-тағы жағдай бойынша тағы 14 адамнан вирус анықталды. Нұр-Сұлтанда - 11, Алматы қаласында 3 адамнан анықталды. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.