29 Наурыз, 2020

МІТ ғалымдары Covid-19 дәрісінің үлгісін әзірледі

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Барлық елдің ғалымдары бүкіл әлемді жайлаған қауіпті індеттің емін, екпесін табумен айналысып әлек. АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық институтының (МІТ) ғалымдары Covid-19 дәрісінің үлгісін әзірледі. Бұл туралы институттың ресми сайтында жазылған.

МІТ ғалымдары Covid-19 дәрісінің үлгісін әзірледі

Коронавируспен күресуге кіріскен МІТ химиктері өздері дайындаған дәрінің адам клеткасына енетін коронавирусқа тосқауыл тұра алатынын айтады. Потенциалды препарат – ақуыздың қысқа фрагменті немесе адам жасушаларының бетінде орналасқан ақуызды елестететін пептид (амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын органикалық зат).

Зерттеуші-ғалымдар жаңа пептидтер коронавирустың адам клеткаларына ену үшін пайдаланатын вирустық ақуызбен байланыстыра алатын және құрғататын қасиетке ие екенін көрсетті.

Зерттеу тобын басқаратын химик, қауымдастырылған профессор Брәд Пентелют:

– Бізде қазір шынымен нақты зерттегіміз келетін қорғасын қосылысы (компаунды) бар. Өйткені бұл іс жүзінде вирустық ақуызбен біз күткендей әрекеттеседі. Сол себепті оның адам клеткасына вирустың еніп кетпеуіне тосқауыл тұра алатын мүмкіндігі бар, – дейді.

MIT тобы пептидтің сынамаларын адам жасушаларында сынақ өткізуді жоспарлаған серіктестерге жіберді. Б.Пентелют ауқымды жұмыстың қорытындысында лайықты нәтижеге қол жеткізетініне сенетінін айтты.

Айта кетейік, аталған дәрілік препарат үлгісі әлі ғылыми және медициналық сарапшылардың рецензисын алған жоқ.