Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
Алматы әкімдігі адамдардың және көліктердің қозғалысына шектеулер енгізді
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб хаттамасына сәйкес, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия отырысында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру, Алматы қаласы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирус инфекциясының белең алуына жол бермеу мақсатында қала аумағында 2020 жылдың 6 сәуірі сағат 00.00-ге дейін қала ішінде адамдардың және көліктердің қозғалысына бірқатар шектеулер енгізілді.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
Қызылорда: Коронавирус емхана медбикесінен анықталды
Бүгін Қызылордада коронавирус жұқтырған екінші адам анықталып отыр. Осыған байланысты өңірлік коммуникация алаңында брифинг өткізген мамандар жағдайдың жай-жапсарын айтып берді.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
Алматылықтар үшін шығармашылық үйірмелер онлайн жұмысын бастады
Алматы қаласының Мәдениет басқармасы тұрғындардың мәдени өмірін қолдау мақсатымен онлайн режимде бірқатар іс-шаралар ұйымдастыруда. Көреремен үшін тегін онлайн-шығармашылық үйірмелер, курстар, подкасттар мен тренингтер басталды.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
Түркістан: Ақсақалдар алқасы игі бастама көтерді
Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы бастама көтеріп, арнайы әлеуметтік дүкенге демеушілер тарапынан азық-түлік пен киім-кешек жинауды қолға алды. Жиналған заттар аз қамтылған отбасыларға үлестірілетін болады. Он алты аймаққа белгіленген ауылнайлар өз өңіріндегі аз қамтылған отбасылар тізімін жасап, аптасына бір реттік тегін киім мен азық-түлік таратады.