Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Алматы әкімдігі адамдардың және көліктердің қозғалысына шектеулер енгізді

186 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб хаттамасына сәйкес, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия отырысында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру, Алматы қаласы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирус инфекциясының белең алуына жол бермеу мақсатында қала аумағында 2020 жылдың 6 сәуірі сағат 00.00-ге дейін қала ішінде адамдардың және көліктердің қозғалысына бірқатар шектеулер енгізілді.

Сонымен қатар, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп отырған, уақытша жабылу тізіміне кірмеген бірнеше мекемелер анықталды.

Сондай-ақ, ресми тіркелген, тиісті белгілері қондырылған такси қызметі де жұмыс істейді. 
Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, арнайы қызмет көрсететін жеңіл көлік ішінде жүргізушіні қосқанда, екі адамнан артық жолаушы болмауы керек, жолаушылар бір-бірінен өте алшақ отыруы үшін олар шахмат тәртібімен (қиғаш) орналасуы тиіс.

Бұған қоса, санитарлық-гигиеналық талаптар күшейтілді. Жеңіл көліктер жеке қорғаныс құралдарымен (медициналық бетпердемен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі қажет. Жүргізуші міндетті түрде бетперде киіп отыруы тиіс.