Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Елшісінен Сенім грамотасын қабылдады
Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Елшісі Уильям Мозерден Сенім грамотасын қабылдады.
Санкт-Петербургте Ә. Қастеев музейінің көрмесі ашылды
Петербургтегі Ресей Көркемсурет академиясының Ғылыми-зерттеу музейінде Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің жауһар туындыларына баланатын «Сергей Калмыковтың жұлдызды тостағаны» атты айрықша көрме ашылды. Айтулы өнер жәрмеңкесін екі ел арасындағы мәдени дәстүрлердің қоспасы деп атауға болатындай.
Шымкентте автокөлікті тіркеуге арналған орталық ашылды
Шымкент көлік құралын тіркеуге және қайта тіркеуден өткізуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға арналған екінші мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.
Семейде «Әскер барысы - 2019» турнирі өтті
Қазақстан Республикасының барлық Күш құрылымдары, атап айтқанда Қарулы Күштер, Ішкі Істер Министрлігі, Ұлттық Ұлан және тағы басқалары арасында «Әскер барысы-2019» атағы үшін сайыс өтті. Қырықтан астам мықты балуандар Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен өтетін «Қазақстан барысы» IX Республикалық турниріне қатысуға жолдама алу үшін бақ сынасты.
Шымкентте екінші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды
Үшінші мегаполис тұрғындарына автомобиль көлігін тіркеу, жүргізуші куәлігін алу немесе ауыстыру бойынша мемлекеттік қызметтер қолжетімді бола түсті. Бүгін қала әкімінің орынбасары Д.Жуминнің қатысуымен Қ.Төлеметов көшесінің бойынан екінші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы салтанатты түрде ашылды.