Қоғам • 06 Наурыз, 2020
Онлайн гүл бизнесі гүлденетін кезең
Халықаралық арулар күні қарсаңында раушангүл мен қызғалдаққа сұраныс әлденеше есе өсетіні қалыпты жайт. Сарапшылар ішкі нарықтағы гүлге деген сұраныстың 50 пайызын шетелден келетін гүл өтеп отырғанын айтады.
Қоғам • 06 Наурыз, 2020
Қазақстан халқы Ассамблеясының құттықтауы!
Құрметті әйелдер қауымы! Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясы көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды!
Руханият • 06 Наурыз, 2020
Ұлттық сананы тарихи сана қалыптастырады
Ұлттық сана тарихи санамен қалыптасады. Әрине елімізде тәуелсіздіктің көк туы желбірегелі бері тарих саласында көптеген шаруа атқарылды. Дегенмен де бүгінде жоғары оқу орындарында тарих пәнін қалай оқытып жүрміз? Оған бөлінген сағат жеткілікті ме? Бағдарламасы қандай? Ал мектептерде тарих пәні қалай оқытылуда?
Парламент • 06 Наурыз, 2020
Мәжілісте «Заң көмегін көрсетудің заңнамалық негіздерін жетілдіру» тақырыбында 13 наурызда парламенттік тыңдау өтеді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Таным • 06 Наурыз, 2020
Қиыр Шығыс майданына қатысқан қазақ қыздары
Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес армиясының қатарында қазақтың ұлдарымен бірге қыздары да гитлершілдерге ғана қарсы күрескен жоқ, сондай-ақ олар Қиыр Шығыс майданында да жапондармен шайқасты. Жалпы, Қиыр Шығыс майданында жапон милитаристеріне қарсы жүргізілген соғысқа Қазақстаннан қанша қыз-келіншектің қатыстырылғаны туралы нақты дерек анықталған жоқ. Дегенмен Орал өңірінен майданға қыздардың көптеп аттанғаны туралы деректер бар. Мәселен, майдангер ана Қаламсия Ермекова: «1942 жылы соғысқа Оралдан 200 қыз аттандық» десе, Қаным Әлмағамбетованың ғұмырбаянында: «Оралдан 1 эшелон қызды тиеп Қиыр Шығысқа алып кетті», деп жазылған. Ал осы эшелондағы қыздар арасында болған жауынгер Валентина Суворова: «1942 жылдың шілдесінде Орал өңірінен әскерге 300 қыз шақырылды. Эшелон Оралдан Қиыр Шығысқа бет алды. Эшелонға әрбір стансадан қыздар тиелген екі-үш вагоннан қосылып отырды, Хабаровскіге 52 вагон болып жетті...», деп жазады. Бұл деректерден Қиыр Шығыс майданына қазақстандық мыңдаған жауынгер қыздың қатысқанын аңғаруға болады...