Парламент • 06 Наурыз, 2020

Парламенттік тыңдау өтеді

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілісте «Заң көмегін көрсетудің заңнамалық негіздерін жетілдіру» тақырыбында 13 наурызда парламенттік тыңдау өтеді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Парламенттік тыңдау өтеді

Депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын және сайлауалды бағдарламасын, сондай-ақ жалпыұлттық «Бірге» науқаны кезінде алынған ұсы­ныс­тарды ескере отырып, заң көмегін дамытудың маңызды бағыттарын талқылауды мақсат етіп қойды.

Парламенттік тыңдауға қаты­су­шылар азаматтардың құқық­тарын қорғаудың кепілдіктерін арттыру, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесі және сот процесіне қатысушылардың бәсекеге қабілеттілігі мен теңдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жан-жақты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жүйесін және заң көмегінің сапасын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге ерекше назар аударуды жоспарлайды.

Сонымен қатар отырыста ха­лық­ты заң қызметтерімен қамту, заң көмегін көрсету саласындағы цифрландыру, адвокаттар, нотариустар, заң кеңесшілері және жеке сот орындаушыларының қызметін жетілдіру мәселелерін талқылау қарастырылған.

Іс-шараға депутаттармен қатар Конституциялық кеңес­тің, Жоғарғы соттың, Бас проку­ра­ту­раның, Ұлттық қауіпсіздік комите­тінің, Сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-қимыл агент­тігі­нің, Әділет, Ішкі істер министр­лік­терінің өкілдері шақырылды.

Сондай-ақ тыңдауға респуб­ликалық заңгерлер колле­гия­сының, жеке сот орын­дау­шы­ларының республикалық палата­сының, республикалық нотариат­тық палатаның, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми қоғам­дас­тықтың өкілдері және халық­аралық сарапшылар қатысады деп күтілуде.

Парламентік тыңдаудың қоры­тындысы бойынша ұсынымдар қабылданады.