Аймақтар • 05 Наурыз, 2020
Отандық Mimioriki балалар киімі өндірісі Disneyмен бірлескен желіні іске қосады
Отандық балалар киімінің Mimioriki бренді және Ресей, ТМД елдеріндегі Disney компаниясы балаларға арналған киім-кешектің жаңа коллекциясының сатылымына мүмкіндік беретін лицензиялық келісімге қол қойды. Қазақстандық өнімнің Еуропаға беталысының жаңа бір нышанындай болған жаңалықты бүгін өндіріс басшылығы журналистермен бөлісті.
Театр • 05 Наурыз, 2020
«Астана Балет» театрының үздік қойылымдары Атырауда салтанат құрады
Көктем шуағымен бірге келетін қуанышты сәт, Атырау тұрғындары мен қонақтары үшін де жағымды жаңалыққа толы болмақ: Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театры сахнасында тұңғыш рет «Астана Балет» шығармашылық ұжымы өнер көрсетеді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында өтетін гастроль наурыздың 12-13 күндері өтеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
Елорда • 05 Наурыз, 2020
Елордада кәмелет жасқа толмағандарға жол ақысы тегін болады
Оқушылардың автобуста тегін жүруіне арналған көлік картасын онлайн режимде рәсімдеуге болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 05 Наурыз, 2020
Ресейден атыс қаруын жеткізуді ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды (видео)
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысында Ресейден атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізуді ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 05 Наурыз, 2020
Елімізде экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесі жетілдіріледі
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі экспорттық бақылаудың қазіргі заманға сай және тиімді жүйесін құру мақсатында «Ерекше тауарларды бақылау туралы» және «Ерекше тауарларды бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірлеп жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.