Театр • 05 Наурыз, 2020

«Астана Балет» театрының үздік қойылымдары Атырауда салтанат құрады

508 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көктем шуағымен бірге келетін қуанышты сәт, Атырау тұрғындары мен қонақтары үшін де жағымды жаңалыққа толы болмақ: Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театры сахнасында тұңғыш рет «Астана Балет» шығармашылық ұжымы өнер көрсетеді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында өтетін гастроль наурыздың 12-13 күндері өтеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Астана Балет» театрының үздік қойылымдары Атырауда салтанат құрады

Театр ұжымы Джордж Баланчиннің «Серенада» бір актілі балеті мен «Ұлы дала мұрасы» дивертисменті енген таңдаулы бағдарламасын тарту етпекші.

ХХ ғасыр балетінің алтын қорына енген «Серенада» - америкалық хореограф Джордж Баланчиннің айтулы туындысы. 2017 жылы «Астана Балет» театрының сахнасында өткен премьера еліміздің мәдени тынысындағы зор құбылысқа айналды. Себебі, сол шақта бұл – күллі Орталық Азия аумағында Джордж Баланчин қорымен ынтымақта, хореографтың стилі мен техникасының стандарттарын толық сақтай отырып қойылған алғашқы балет болатын.  «Серенаданы» қазақ сахнасында қойған Виктория Саймон – америкалық хореографтың төл шәкірті. Бұған дейін ол әлемнің түрлі елінде Баланчиннің отыз шақты спектаклін cахналаған.

Екінші бөлімде қазақ мәдениетінің қыр-сырын әйгілі ететін «Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасы көрсетілмек. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тәти мен Мукарам Авахридің әрбір хореографиялық миниатюрасы көшпелі халықтың таным көкжиегін айғақтайтын туындылар. 

Осы бағдарламаға енген миниатюралар қазіргі қазақ хореографиясын тануға мүмкіндік береді. Мұнда этнография элементтері, би дәстүрі мен заманауи хореографиялық шешімдер үйлесім тапқан.

«Ұлы Дала мұрасы» дивертисменті театрымыздың гастрольдік бағдарламаларына дәстүрлі түрде енгізіліп отырады. Лондон, Милан, Монако, Нью-Йорк сынды қалалар мен өзге де елдерде көрсетілген бағдарлама көрерменнің ерекше ықыласына бөленген. Айталық, британиялық «Таймс» ұлттық нақыш, әсем костюмдер мен қазақстандық әртістердің шеберлігіне тәнті болған.

«Біз Атырауға көптен бері бармақшы едік. Осы қала тұрғындары мен қонақтары өнерді ерекше қастерлейді. Сол себепті біз гастроль бағдарламасына Джордж Баланчиннің әлемге әйгілі «Серенада» бір актілі балеті мен Театрымызды даралап тұрған «Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасын қосып отырмыз. Әртістеріміз бен шығармашылық топтың өнері атыраулық көрермен көңілінен шығады деген үміттеміз», - деді қоюшы-балетмейстер Айгүл Тәти.

Айта кетейік, наурыздың 25-26 күндері астаналық ұжым дәл осы бағдарламаны Семейдегі Абай атындағы театр сахнасында көрсетпекші.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025