Тағайындау • 04 Наурыз, 2020
Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып Мәлгаждар Тәткеев тағайындалды
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың 2020 жылғы 2 наурыздағы өкіміммен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісімі бойынша Мәлгаждар Саттарұлы Тәткеев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2020
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданына қарасты Талов ауылындағы Ғабит Сарыбаев атындағы мектептің шағын музейінде 1938 жылғы «Sotsialistjk Qazaqьstan» газетінің 10 саны сақтаулы тұр.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2020
Биыл аса зиянды организмдер 3,7 млн га алқапқа таралуы мүмкін
2020 жылы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ деректері бойынша Қазақстанда аса қауіпті зиянды организмдердің 3,7 млн гектар алқапта таралуы мүмкін. Оның ішінде астық дақылдарының аурулары 1,4 мың гектарда, үйірлі шегіртке зиянкестері 553 мың га, астықтың сұр көбелегі 652 мың га, гессен шыбыны, зиянды бақашық, астық қоңызы, мақта көбелегі, өрмекші кене, колорадо қоңызы және тышқан тәріздес кеміргіштер 142,4 мың га жерді зақымдауы мүмкін. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 04 Наурыз, 2020
Шайбалы хоккейден Швейцариядағы әлем чемпионаты өтпеуі мүмкін
Мамыр айында Швейцарияның Цюрих және Лозанна қалаларында өтуі тиіс шайбалы хоккейден ерлер арасындағы әлем чемпионаты коронавирус қаупіне байланысты өтпей қалуы мүмкін. Бұл туралы IIHF вице-президенті Калерво Куммола мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2020
Сенаторлар медициналық қызметтердің бағасын белгілеу мәселесін көтерді
Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен кездесті. Жүздесуде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерге баға белгілеу мәселелері талқыланды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.