2019 жылы ерекше қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы карантиндік және фитосанитарлық іс-шараларды жүргізу жөніндегі мемлекет пен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері (бұдан әрі – АШТӨ) арасындағы жауапкершілікті белгілеуді көздейтін ҚР өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу салаларындағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.
Бұл өзгерістер АШТӨ-ге қажетті кез келген пестицидті таңдау және сатып алу еркіндігін береді. Енді шаруалар дәрі-дәрмектерді және егістіктерді өңдеу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдеріне тәуелді болмайды.
Сондай-ақ, жаңа заңмен өз аумағындағы аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілермен күресу үшін АШТӨ өз бетінше сатып алатын пестицидтердің құнын 50%-ға дейін арзандату көзделген.