Тарих • 04 Наурыз, 2020
Ғасырлардан аман жеткен ғажайып
Қызылорда облысындағы Қазалы ауданына жол түсіп бара қалсаңыз, көне дәуір дерегін алдыңызға жайып салатын небір тарихи нысандармен танысасыз. Есте жоқ ескі заманда Оғыз мемлекетінің астанасы болған, әйгілі Қорқыт баба дүниеге келді делінетін Жанкент қалашығынан басталатын тарих көз алдыңыздан көлбеңдей өтеді. Одан бергі заманның куәсіне айналған талай нысандар аман сақталған аймақтың басты мақтанышы да көне күннен күмбір-күмбір сыр шертетін осы мұралар.
Руханият • 04 Наурыз, 2020
Еліміз егемендік алғаннан кейін жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз қайта жанды десек те, біз сан алуан мәдениеттер тоғысқан жаhандану заманында өмір сүріп жатырмыз. Осындай жағдайда өзіміздің ұлтымызға ғана тән ерекшеліктерді, таза болмысымызды қалай сақтап қаламыз? Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында осы сауалдың жауабын жан-жақты тарқатып бергені қалың оқырманға жақсы мәлім деп ойлаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», деген болатын. Осындай ізгі ойлардан желі тартқан еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде (25.02.2020 ж.) жарияланған «Амал – ауызбіршілік мерекесі» деп аталатын мақаласы да мені өзектілігімен, тереңдігімен баурағанын айтқым келеді.
Абай • 04 Наурыз, 2020
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Желсіз түнде жарық ай» атты композициялық кеш өтті.
Спорт • 04 Наурыз, 2020
Дзюдодан Рабат гран-приі өтпейтін болды
Дзюдодан Рабатта (Марокко) өтуі тиіс болған әлемдік Гран-при кезеңі өтпейтін болды. Бұл туралы халықаралық дзюдо федерациясы ресми сайтында мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Абай • 04 Наурыз, 2020
Абай жан дүниесі дегенге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев неге айрықша көңіл аударды. Ұлы ойшыл, кемеңгер ақынның 175 жылдығын атап өту үшін ғана емес, әрине. Әңгіме Абайдың жан дүниесіндегі қазақ тағдырына алаңдаған тағылымдарында. Батыс пен Шығыс өміріндегі өнер, білім, мақсат-мұрат, сенім мен үміт, әрекеттердің өркениетін зерттеп зер салған ұлы ақын қазақтың да сондай ел болуын көкседі. Дінді де тереңдеп таныды, тіпті ежелден келе жатқан мақал-мәтелдердің, дәстүр-салтты, күнкөрісті ақыл-ой таразысынан өткізіп, қазақ жанын реформалауды мақсат етті. «Құдай салды, біз көндік» деген көнбістікке көндігіп алған жұртты аяусыз сынады. Қазақ өмірі осылай жалғаса берсе, ол өркениетті түсінде де көрмей, оқшау қала беретініне қапаланды.