Кәсіпқой бокс • 03 Наурыз, 2020
Кәсіпқой бокс: WBA рейтингі жаңартылды
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінен қазақстандық үш өреннің есімдерін кезіктірдік.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2020
Елорда әкімі Алтай Көлгінов балалар үйінің түлектерімен кездесті
Елорда әкімі Алтай Көлгінов ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, тұрғын үй кезегінде тұрған балалар үйінің түлектерімен кездесті. Әкімнің жеке қабылдауында әр адам өзін толғандырған мәселесін айтты. Тұрғын үй мәселелерін, қосымша білім мен медициналық көмек алу, жұмысқа орналасу, біліктілікті арттыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 03 Наурыз, 2020
2020 жылғы қаңтар-ақпанда елімізде инфляция 1,3% құрады
Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы екі айда (2020 жылғы ақпан 2019 жылғы желтоқсанға) – 1,9%, азық-түлік емес тауарларына – 1%, ақылы қызметтерге 0,9% жоғарылады. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2020
«QYZYLJAR» телеарнасына – 60 жыл
1960 жылы ақпан айында еліміздің қабырғалы қайраткерлерінің бірі Ілияс Омаров Солтүстік Қазақстан облысында обкомның идеологиялық жұмыстар жөніндегі хатшысы болып тұрғанда осы өңірде алғашқы болып облыстық телевизияны ашқызған. Сол оқиғаға 60 жыл толып отыр.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2020
Қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды
1 наурыз күні түркістандық - Еркебұлан Дүйсенбай және Мақсат Рүстемов деген екі жігіт «Lada Priora» автомобилімен Омбы қаласынан Шымкентке қарай жолға шығып, Солтүстік Қазақстанның Ғ.Мүсірепов ауданындағы «Жезқазған-Петропавл» жолының 593 шақырымында электронды карталарға сеніп, жолдан адасып, қалың қардың құрсауына түсіп қалған. Интернет-сервис оларға екінші жолдың барын көрсетпеген екен.