Экономика • 03 Наурыз, 2020

2020 жылғы қаңтар-ақпанда елімізде инфляция 1,3% құрады

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы екі айда (2020 жылғы ақпан 2019 жылғы желтоқсанға) – 1,9%, азық-түлік емес тауарларына – 1%, ақылы қызметтерге 0,9% жоғарылады. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылғы қаңтар-ақпанда елімізде инфляция 1,3% құрады

ст

Ағымдағы жылдың басынан (2020 жылғы ақпан 2019 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі көкөністерге – 11,6%, жармаларға, сары майға – 2,9%, жемістерге – 2,3%, ұнға – 2,1%, макарон өнімдеріне – 1,9%, пастерленген сүтке, мұздатылған балыққа – 1,6%, ет өнімдеріне, жылқы етіне – 1,5%-дан, сүзбеге – 1,4%, қой етіне, мәйекті ірімшікке, қышқыл сүт өнімдеріне – 1,3%, шұжық өнімдеріне, сиыр етіне – 1,2%-дан, шайға – 1,1%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне 0,9% белгіленді. Темекі өнімдері 3,2% қымбаттады. Бағаның төмендеуі құмшекерге – 2%, күрішке – 1,7%, сөкке 1,1% тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге – 1,3%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 1,1%, тұрмыстық аспаптарға – 1%, жеке қолданылатын тауарларға – 0,9%, тоқыма бұйымдарына – 0,8%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, ыдысқа 0,7%-дан құрады. Бензин – 5%, дизель отыны 0,3% қымбаттады, ал тас көмір 0,3% арзандады.

Баға деңгейі құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 5%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 1,9%, денсаулық қызметтеріне – 1,2%, мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 0,9%. Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы – 2,9%, жолаушылардың әуе көлігімен 0,8% қымбаттады, ал теміржол көлігімен 0,4% арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға – 4,9%, электр энергиясына – 3%, орталықтан жылытуға – 0,8%, ыстық суға – 0,7%, суық суға 0,6% өсті, ал кәрізге 0,9% төмендеді.

 02-2kz