Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Елорда әкімі Алтай Көлгінов балалар үйінің түлектерімен кездесті

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, тұрғын үй кезегінде тұрған балалар үйінің түлектерімен кездесті. Әкімнің жеке қабылдауында әр адам өзін толғандырған мәселесін айтты. Тұрғын үй мәселелерін, қосымша білім мен медициналық көмек алу, жұмысқа орналасу, біліктілікті арттыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов балалар үйінің түлектерімен кездесті

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс әр бағыт бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қала әкімі мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есе артатынын айтты. Кездесуде қала тұрғындары әкімге әлеуметтік шараларды қолдағаны үшін алғысын білдірді. 28 наурыздан бастап барлық кәмелетке толмағандар үшін жол жүру тегін болады.

Әкім және әкімнің орынбасарлары, басқарма басшылары және аудан әкімдері азаматтарды тұрақты түрде қабылдайды. Қабылдаулар «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалында өтеді.