Хоккей • 03 Наурыз, 2020
Гагарин кубогын жеңіспен бастады
Шайбалы хоккейден Гагарин кубогы аясында сынға түсіп жатқан елорданың «Барыс» клубы алғашқы ойынын «Барыс Аренада» Магнитогордың «Металлург» командасына қарсы өткізіп, ірі есеппен жеңіске жетті.
Абай • 03 Наурыз, 2020
Ұлы Абайдың өмірі мен асыл мұрасын насихаттау Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына орай өткен жылы жаңаша сипат алды. Мемлекет басшысының тікелей өзі қатысып, елімізде ғана емес, шетелде де қолдау тапқан ақын өлеңдерін оқу акциясына алғашқы күннен бастап Ұлттық кітапхана да белсене атсалысып келеді. Әсіресе біздің ұжымның өткен жылдың тамыз айында Афинада өткен Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресс аясында «Абай – Ұлы даланың ақыны» атты әдеби кеш ұйымдастырғанын атап айтар едім. Салтанатты шара еліміздің Грекиядағы елшісі А.Ю.Волковтың құттықтау сөзімен ашылды. Жиналғандар ұлы ақынның өмір жолы және асыл мұрасымен таныстырылып, экран арқылы арнайы көрсетілім (слайд-шоу) ұсынылды. Абай Құнанбайұлының әлем тілдеріндегі өлеңдері оқылып, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндері шырқалды. Грек елінің Ұлттық кітапханасының алтын қорына және қазақстандық елшілікке Абайдың 1909 жылғы тұңғыш жинағының көшірмелері мен ақын шығармашылығы жайындағы кітаптар сыйға тартылды.
Таным • 03 Наурыз, 2020
Биыл туғанына 175 жыл толып отырған жарықтық Абай атамыздың кейіске толы: «Көзінен басқа ойы жоқ, Адамның надан әуресі. Сонда да көңілі тым-ақ тоқ, Жайқаң-қайқаң әр несі», деп басталатын алты шумақ жыры бар. Осында айтылғандай, рухани ілім-білімнен, қарапайым өмірде шаһадат пен ғибраттан хабары жоқ пенделер жайлы үлкен ғалым Мағаз ар-Рази: «Кімнің уайымы жоқ, тоқшылығы көп болса, денесі майлы болады. Денесінің майы көп адамда желік пайда болады. Желігі бар адам жамандыққа ұрынғыш келеді. Жамандыққа бойы үйренген адамның жүрегі қатыгезденеді. Жүрегі қатыгезденіп өлі күйге түскен пенде пәнидің қызықтарына батып кетеді» депті.
Руханият • 03 Наурыз, 2020
Күзгі бақтың шуағы немесе бір ағашта екі алма
Ой-хой, он жеті жас! Түк білмейтін түбіт иек кезіміз. Он жылдықты бітіріп, Алматыға келдік. Бар арманымыз – оқуға түсу, журналист болу. Құмырсқаның илеуіндей құжынаған абитуриент. Инкубатордың сары ауыз, үрпек бас балапаны секілді бір-бірінен аумайтын кілең «қызылшақа».
Абай • 03 Наурыз, 2020
Абай әндерін сағынасыз ба? Ұлы музаның сиқырына бағынасыз ба? Жақұт сөздерден інжу-маржан тағынасыз ба? Шыныңызды айтыңызшы, өз жүрегіңіздің ән-күмбіріне тылсым бір сәттерде, оңашада табынасыз ба?! Әлде...