Үкімет • 02 Наурыз, 2020
ДСМ: Қазақстан короновирус бойынша «Б» жоспарына дайын
Бүгін Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Жиында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әлемдегі коронавирустық инфекцияның таралуына қатысты қазіргі жағдай жайлы, сондай-ақ Қазақстанда вирустың тасымалдануына жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Елбасы • 02 Наурыз, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің ресми сайты хабарлады.
Қазақстан • 02 Наурыз, 2020
Жеңілдетілген несиеге қалай қол жеткізуге болады?
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардан несие өтінімдерін онлайн қабылдау жұмыстарын бастады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығының қаржылай қолдау қоры АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2020
Түркістан: Лимон егіп, миллионер атанды
Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауыл округіндегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы өткен жылы 10 соттық лимон бағынан 5 тоннаға жуық өнім алған. Жиналған өнімнің әр келісін шаруа 800 теңгеден саудалап, 5 миллион теңге пайдаға кенелген. Сөйтіп, шаруа қожалығы биыл лимон бағының көлемін тағы да 10 соттыққа ұлғайтып отыр.
Спорт • 02 Наурыз, 2020
Кәсіпқой бокс: Алматыда күш сынасатындар анықталуда
28 наурызда Алматыда Асқар Салықбаев жетекшілік ететін «МТК Глобал Қазақстан» менеджерлік компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтеді.