Спорт • 02 Наурыз, 2020

Кәсіпқой бокс: Алматыда күш сынасатындар анықталуда

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 наурызда Алматыда Асқар Салықбаев жетекшілік ететін «МТК Глобал Қазақстан» менеджерлік компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтеді.

Кәсіпқой бокс: Алматыда күш сынасатындар анықталуда

Қазірдің өзінде сол жарыста күш сынасатын қос жұп белгілі. Айтулы компанияның құрамында өнер көрсетіп жүрген Өзбекстанның атақты боксшысы, Олимпиада чемпионы Фазлиддин Гайбназаров (8-1, 5 КО) жартылай орта салмақта ирландиялық Дарраг Фолимен (18-4-1, 9 КО) қолғап түйістіреді.  

Ал соның алдында ғана Жанқош Тұраровтың кіммен жұдырықтасатыны белгілі болған. Өзінің карьерасындағы 24 кездесудің барлығын жеңіспен аяқтап, 17 қарсыласын есінен тандырған қазақ жігіті Панаманың өкілі Александер Дюранмен шеберлік байқасады.

Бірден айта кетейік, Дюран да осал боксшы емес. Ол да 20 бәсекенің барлығында басымдық танытып, жеті кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Сонымен қатар, панамалық былғары қоғап шебері қазіргі кездегі IBF нұсқасының алтын белбеу иегері және IBA нұсқасы бойынша әлемнің экс-чемпионы.

Жанқош Тұраров пен Александер Дюран арасындағы жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental нұсқасының чемпиондық тәжі сарапқа салынады.