Таным • 26 Наурыз, 2024
ХХ ғасыр басындағы қоғамдық қопарылыс пен саяси сапырылыстар адамзат ақылын айрандай ашытты. Мазмұнсыз майдан, тәпсірсіз талас, себепсіз сүргін тудырған жауапсыз сұрақтар әлемге абсурдизм ұғымын әкелді. Бұл тұжырым иелері өмірді мәнсіз әрі мазмұнсыз санады. Анығы, солай екенін дәлелдеумен айналысты. Нәтижесінде идея деңгейіндегі пікір санадан сахнаға көшіріліп, абсурд театры болып шымылдығын ашты.
Мәдениет • 26 Наурыз, 2024
Күнделікті қоңыр тіршіліктің ырғағымен кейде жан дүниемізге, болмысымызға, өз өмірімізге бір сәт бағдар жасай алмай жатамыз. Сол үшін де адамдар театрға барса керек. Сахнадағы бізге біреудің өмірі болып көрінетін тағдыр, мінез шын мәнінде мына отырған өзіміз ғой. Сол оңаша қалып сырласпайтын, жатсынатын «өзімізді» көру үшін театрға асығатын болармыз. Жүрек түкпірінде бүгіп жатқан сыр мен мұң, сағыныш пен үміт, өкініш пен арманды сахнадағы кейіпкерлерден көріп жұбанамыз. Іштегі нәзік сезімдерге, бұлқыныстар мен толқыныстарға көрермен залынан сырттай қарап, шер тарқатамыз. Театрдың киесі де, қасиеті де сол, түрлі күйге түсетін адам жанының тереңіне бойлап, сезім қылын шынайы береді. Әлқисса.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2024
Жетісуда су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді. Себебі күні кеше ауа температурасының күрт көтерілуі және қардың қарқынды еруі салдарынан 12 су басу фактісі тіркелді. Қазір су басу қаупі бар 31 елді мекенде арнайы шаралар жүргізіліп жатыр. Былтырғы жағдай қайталанбас үшін барлық техника түрі жұмылдырылған.
Тағзым • 26 Наурыз, 2024
Менің замандастарым Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қиын кезеңде оқып, мектеп бітірді. Сол кезде қазағы 90 пайыздан аса Қызылорда қаласында қазақ тілінде білім беретін екі ғана орта мектеп бар еді. Бірі – 1 май атындағы, екіншісі – №6 қыздар мектебі. Ал бес орта мектеп орыс тілінде жұмыс істеді.
Әлем • 26 Наурыз, 2024
Демократия деп осыны айт Жапонияда «Нарита» деген әуежай бар. Салынып, жұмыс істеп жатқанына биыл – 46 жыл. Сол әуежайдың тура жанында жалғыз үй тұрады. Олардың әуежай маңында жекеменшік жері бар, сонда егін салады. Үкімет 46 жылдан бері сол отбасыны көшіре алмай, жағдайына қарай ыңғайланып жүр.