Қоғам • 02 Наурыз, 2020
Біз қазақ ауылында туып-өстік, анамыз алты ұл мен қызды аман-есен жетілдірді. Әкем соғыс мүгедегі еді, ерте қайтыс болды. Ұжымшардың төрағасы Әлкен ағай үнемі біздің үйге қарасып, бір сиырымыз бен бес-алты ұсақ тұяқтың жем-шөбін, үйімізге жағатын отынның кем болып қалмауын көзінен таса қылмай, қадағалап жүретін.
Таным • 02 Наурыз, 2020
Қазақ жерін өз Отаны деп санайтын этностар Қазақстанға тағдырдың теперішіне тап келген түрлі кезеңдерде келгені хақ. Солардың бірі – поляк ұлтының өкілдері. Бүгінде олар осынау қасиетті де, киелі топыраққа тастай батып, судай сіңіп қазақ халқымен бірге тату-тәтті тірлікте өмір сүріп, еңбек етіп келеді.
Қоғам • 02 Наурыз, 2020
Алғыс айту күніне орай Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан» атты мерекелік шара өтті. Айтулы шараға 5000 адам қамтылды.
Руханият • 02 Наурыз, 2020
Мен 1947 жылы қазіргі Екатеринбург облысы Камень-Уральск (Ресей) деген қалада өмірге келдім. Анам Мария Павлова мен әкем Иван Петрович еңбек армиясында болған, Беларусь елінен осы жаққа жіберілген, кейін 54-жылдары тың игеру кезінде Павлодарға, Ертіс ауданына келеді.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2020
Бүгінде Алматы облысының аумағын 105 этнос мекендейді. Аймақта ұсақ ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін сақтауға, тарихын жаңғыртуға, дәстүрі мен тілін дамытуға барынша мүмкіндік жасалып отыр.