Қоғам • 02 Наурыз, 2020

Мереке кеңінен аталып өтті

190 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алғыс айту күніне орай Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан» атты мере­ке­лік шара өтті. Айтулы шараға 5000 адам қамтылды.

Мереке кеңінен аталып өтті

Мерекелік шара бары­сын­да ұлттық киім киген этно­мә­дени бірлестік төра­ғал­а­ры мен ардагерлері жергілікті жұрт­шы­лықпен амандасып, достық рәуіштерін білдірді. Сонымен қатар келушілерге 12 түрлі ұлт­тық тағамнан әзірленген Алғыс да­старқаны жайылды. Көне ша­һар тұрғындары мерекелік дас­тарқаннан дәм татса, түрік, орыс, күрд, әзер­бай­жан, дүн­ген этносының өкілдері қазақ халқына алғыс­та­рын жет­кіз­ді. Көпшілік бір-бірімен құшақ­тас­ып, қол алысып, өздерінің ақ ниетін білдірді.

­Салтанатты шараны Жам­был облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сөз бастап, өңір тұр­ғындарын мере­ке­ле­рі­мен құт­тықтады. «Алғыс айту күні – тарихтың түрлі кезең­дерінде қазақ халқының бауыр­мал­дығына бөленген түрлі этнос өкілдерінің киелі қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына деген терең тағзымының ашық белгісі. Расында, өткен тарих­та тағдыр тауқыметімен Ұлы дала төсіне әр жылдарда бүтін­дей бір халықтар – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ ха­лық­тарының өкілдері, Қиыр Шы­ғыс­тағы 18 мыңнан астам корей отбасылары қоныс аударды. Бүгінде біздің қасиетті Жамбыл жерінде 87 этнос, 21 этномәдени бірлестік өкілдері Ассамблея құрамында бірлік пен татулықта өмір сүруде. Облысымызда күрд, түрік, дүн­ген және өзге де этнос­тар тығыз шоғырланған 5 аудан бар. Көпэтностық – біз­дің басымдығымыз, бірлік – сар­қылмас байлығымыз», деді әкім. Сонымен қатар Қазақс­танның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов та өзінің лебізін жеткізді. «Біз, қазақ деген құшағымыз кең, ақкөңіл, адал, аңғал халықпыз. Біздің бауырымызға қаншама халықтар, ұлттар, сыйып кетіп жатыр. Біздің ең керемет қасиеттеріміздің бірі бұл», деді ол. Сондай-ақ «Полонез» поляк этномәдени бірлестігінің жетекшісі Лариса Калькова, «Барбанг» күрдтер ассоциясы облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Сабри Асанов барша этностардың атынан қазақ халқына алғысын білдірді.

Мерекелік шара барысын­да түрлі этностардың қазақ же­­рі­не қоныстануы турасын­да театр­ландырылған қойы­лым қойылып, соңы өнер жұлдыз­да­рының концертіне ұласты. Сондай-ақ Қордай ауданындағы Масанчи ауылында 2000 адамды қамтитын «Бірлігі жарасқан, туған жерім – Қордайым» атты Алғыс айту фестивалі өтті. Мере­келік шараға жиналған кө­пш­ілік аудан орталығы Қор­дай ауылындағы Ноғайбай би ескерт­кішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар Алғыс дастар­қаны жайылып, Қордай, Қара­кемер, Қарасу ауылдарынан келген тұрғындар дастарханнан дәм татты. Алғыс айту күніне орай өңірде бастау алған шаралар Наурыз айындағы мерекелерде жалғасын табады.

 

Жамбыл облысы