Қоғам • 02 Наурыз, 2020
Ұлт тарихының өзегі – шығыстану
Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Ресей Шығыстану ғылымының Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуі. Қазақстандағы шығыстанудың дамуы» атты дөңгелек үстел өтіп, оған белгілі ғалымдар, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Шығыстану кафедрасының оқытушылары мен Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері, сонымен қатар аталған тақырып бойынша ізденіп жүрген докторант, магистранттар қатысты.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2020
Бизнесмендер бағдарламаға дем берді
Кеншілер астанасындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлнәр Құрбанбаева өңірдегі әрбір екінші кәсіпкердің аталған бағдарлама жобасының қатысушысы екенін мәлім етті.
Тарих • 02 Наурыз, 2020
Өткен апта соңында елорда төрінде орналасқан Ұлттық архив ғимаратында Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Сарайшық – Ұлы дала мұраты: мемлекеттілік және тарихи сабақтастық» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Оған Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Елдос Мұратұлы Рамазанов және Парламент Мәжілісінің депутаттары, елімізге танымал ғалымдар қатысты.
Парламент • 02 Наурыз, 2020
Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі саласы
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның қатысуымен «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері» тақырыбында Парламенттік тыңдау өтті.
Футбол • 02 Наурыз, 2020
Өткен сенбі күні Қазақстанның кезекті футбол маусымы басталды. Жылдың алғашқы ресми матчында былтырғы ел чемпионы «Астана» мен Қазақстан кубогы иегері «Қайсар» Қостанайдағы «Тобыл Арена» стадионында Қазақстан суперкубогын сарапқа салды.