Парламент • 20 Наурыз, 2018
Сенатта съезге әзірлік мәселелері пысықталды
Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне әзірлік жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы болды. VI Съезд 2018 жылғы 10-11 қазанда Астанада өтеді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Жамбыл облысы. Шайынды судың шырғалаңы
Экология мәселесі бүгін шешілмесе, ертең әлеуметтік-экономикалық шығындарға ұрындыратын ауқымды проблемаға айналуы мүмкін. Бұған әлемде де, өз елімізде де мысалдар жетерлік. Өндіріс орындарынан шығарылатын зиянды заттар, тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоғамдық көліктерден бөлінетін түтін де бүгінде осы экологиялық ахуалды күрделендіре түсетін, тиімді шешімін табуы тиіс түйткілдердің қатарында. Мұндай мәселелер Жамбыл облысында да жоқ емес.
Қазір автокөлік сатып алумен ешкімді таңғалдыра алмайсың. Әлі атқа мініп көрмеген балалар мен жастарға дейін бір-бір жеңіл көліктің иесі атанып жатыр. Бұл жерде назар аударатын мәселе көлік сату ісінің жылдан-жылға қарқындай түсуі. Мұның өзі бірінші кезекте халық әл-ауқатының жақсара түскендігінің белгісі болса керек.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Қара алтын нарығын қандай өзгерістер күтеді?
Әлемдегі мұнай нарығы биылғы жылы да басты назардағы тақырыптардың бірі болып тұр. Brent маркалы мұнай бағасы 60 доллардан жоғарылай ма, әлде арзандай ма? Болжамдар сан түрлі.