Дәстүр • 22 Наурыз, 2024
Қазақтың бағзыдан жалғасқан әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты, өнері мен дәстүрінің тереңіне үңіліп, таразылап, талдау қашан да ұлттық сипатымызды арттыра түседі. Мәселен, қазақтың бір аты – қонақжайлылық дейміз. Дарқан даланың ен төсін жайлап өскен еркін халықтың бойында мұндай мәрт мінездің болмауы да мүмкін еместей.
Қоғам • 22 Наурыз, 2024
«Ауылын көріп, азаматын таны» деген тәмсіл ертеден бері еш мәнін жоймай келеді. Нұра ауданындағы шалғайда жатқан Тікенекті аулының тіршілігіне қарап, сіз де сүйсінесіз. Өркениеттен алыс жатса да, ажары бөлек ауыл алдыңғы жылы «Үлгілі ауыл» атанған еді. Мұның бәрі – әрине, Рамазан Әбілдин секілді елге елеңдеп, ауылға алаңдап тұратын жанашыр жандардың қолдауы.
Ғылым • 22 Наурыз, 2024
Даламыздың дарқандығы тек ұлан-ғайыр кеңдігінде ғана емес. Жер-анада адам жанына қоса тәнін де емдейтін өсімдіктер, әлі қаншама құпиясы ашылмаған табиғи туындылар бар. Қазақ көп аурудың шипасын табиғаттан тапқан, бірақ емнің дерлігі ғылыми негізделмеген. Өйткені оның тереңіне үңілу, сырын ашып, «сөйлету» асқан білімді, толассыз ізденіс пен табандылықты талап етеді. Дәл осы қасиеттің барлығы кезекті кейіпкеріміздің бойынан табылады, оның көп ашылмаған тақырыпқа тереңдеуі де содан шығар.
Білім • 22 Наурыз, 2024
Ұлттық құндылық дегенді жиі айтамыз. Заманауи технология өмірімізге дендеп еніп жатқан уақытта жас буынның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсірудің маңызы туралы да сағаттап сөйлейміз. Бірақ айтылғанды іс жүзінде, өмірде қалай, қандай жолмен нәтижелі жүзеге асыруға болатынын біле бермейміз. Осыны білмекке болашақ ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін мектепке келдік.
Мәдениет • 22 Наурыз, 2024
Бұрынғысы мұндай, бүгінгісі қандай?
Басқан жері сықырлаған Арқаның қысы Абайдың «Қыс» өлеңімен қатар, Ақселеу Сейдімбектің «Қазақ әлемі» атты таным туындысын еске салады. Қаңтар аттан ауып бара жатып «боз тоқтыда құйрық қалды, бозша қызда бұғақ қалды, қырлан, ақпан, қырлан!» деп ызалы аманат қалдырған деседі. «Мен елді титықтата алмадым, қалғанын сен тындыр» дегенін жазады жарықтық Ақселеу. Мұнша кәрленген ақпан оңай тиген жоқ биыл, «шықпа, жаным, шықпалаған» жұрт Ұлыстың ұлы күнін тағатсыздана күтіп отыр. Түнді бір жеңген Күн көтеріліп алған соң қоймайды, Наурыздан соң жаз деймін деп жаңа жылдан үміттенеді. Әлихан Бөкейханның «тірі болсақ, алдымыз – үлкен той» дегеніндей, жаңа жылдан, жарық таңнан үміттенбегенде қайтеді адам.