Коронавирус • 27 Наурыз, 2020
Маңғыстау облысында вирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді
Маңғыстау облысында вирус жұқтырған 1 адам тіркелді. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Қордай оқиғасына қатысқан Жамбыл облысы, Алматы, Шымкент қаласының 25 тұрғыны ұсталды
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қордайда орын алған қайғылы оқиға бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің алдын ала қорытындылары туралы ҚР Бас Прокурорының орынбасары Кененбаев Ерлік Әбдірақымұлы баяндады.
Қоғам • 27 Наурыз, 2020
Төтенше жағдайда той тойлайтындарға тосқауыл қойылуы керек
Мемлекет басшысы дүйім жұртты дүрліктірген COVID-19 вирусына байланысты елімізде төтенше жағдай жариялады. Карантин енгізіп, «Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ, отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын» деген Қаулы шығарды. Алайда кейбір тойшыл қауым осы кезеңдерде тойды қалай өткіземіз деп «бас ауыртып» жүрмеген секілді.
Қоғам • 27 Наурыз, 2020
Дайын құжаттарды беру терезесі әр қаланың тек бір ХҚО-да жұмыс істейді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Азаматтар қызметтерді тек электронды форматта алады.
Экономика • 27 Наурыз, 2020
Тері өндірісін жолға қоя алмай жатқанда ауылдағылар мал терісін қоқысқа лақтыруға мәжбүр. Себеп жақын маңда қабылдау бекеттері жоқ. Былтыр ақпан айынан бері ірі қара малдың өңделмеген терісін экспорттауға уақытша мораторий жарияланған болатын. Соның салдарынан терінің құны он есеге арзандап кетті. Сұраныс аз. Аудандардың көбісінде тері саудасы тоқтап, ауылдағы ағайын қосымша табыс көзінен айырылды.