Денсаулық • 27 Наурыз, 2023
Онкологиялық аурулар алдын алғанда азаяды
Кейінгі 20 жылда елде онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың саны 25%-ға, обырдан кейінгі өлім-жітім 33%-ға азайғаны байқалады. Қазірдің өзінде онкологиялық ауруға шалдыққан 205 мыңнан аса пациент динамикалық бақылауда тұр. Алайда жыл сайын қатерлі ісіктің 37 мыңнан аса жаңа жағдайы анықталса, өкінішке қарай, 13 мыңнан аса адам бақилық болады.
Спорт • 27 Наурыз, 2023
Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 8 800 000 долларды құрайтын WTA 1000 турнирінің төртінші кезеңіне шықты.
Білім • 27 Наурыз, 2023
Репетиторға сұраныс неге жоғары?
Қазіргі оқушыларды кісі аяғандай. Мектебінен бөлек, қосымша білім орталықтарына барады, басқа да үйірмелері бар. Әйтеуір зыр жүгіріп жүргені. Бір жағынан дұрыс та шығар, бос уақытын бостекі шаруаға арнамайды. Екінші жағынан «бала біткен неге репетитор жағалайды?» деген заңды сұрақ та туындайды. Сонда оқушы мектептегі оқу бағдарламасын уақтылы әрі сапалы игере алмағаны ғой. Әлде басқа себеп бар ма екен...
Ғылым • 27 Наурыз, 2023
Ғылымы озық мемлекеттің өрісі кең
Қоғамның қозғаушы күші – ғылым мен экономика. Мемлекеттің дамуы да ұлттық ғылым көкжиегінің кеңеюіне байланысты. Қуанарлығы, қазір осы салаға дендеп кіріп, ғылыми білімін шыңдап, өз саласының майталман маманы болуға ұмтылған жастар көбейіп келеді. Олардың әлемнің әр қиырынан білім алып, тәжірибесін еліміздің ғылымын дамытуға бағыттайтыны қуантады.Осы орайда отандық ғылымның қазіргі жай-күйі мен келешегін бағамдау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырған едік. Оған Лондондағы «HEAD Aerospace Group» компаниясының коммерциялық директоры Сапар САТАЙ, Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биомедицина ғылыми-зерттеу орталығының директоры Әлібек ЫДЫРЫСҰЛЫ, Nazarbayev University Энергетикалық ғарыш зертханасының постдокторанты, Халықаралық астрономия одағының мүшесі Бекдәулет ШҮКІРҒАЛИЕВ қатысып, ой-пікірін ортаға салды.
Әскер • 27 Наурыз, 2023
Қазақстандық әскери жоғары оқу орындарының командасы ТМД жоғары білім беру ұйымдары курсанттарының VII Халықаралық олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетті.