Өндіріс • 20 Наурыз, 2025
Қарағандыдағы «Алшынай» цехы тақиядан бастап киіз үй жабдығына дейін тігеді. Этношапаны шетелге сатылып жатыр. Мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындардан түсетін тапсырыс та көп.
Ұлттық спорт • 20 Наурыз, 2025
Ұлттық спортты дамыту – елдік іс
Бүгін – Ұлттық спорт күні. Мемлекет басшысының қолдауымен «Наурызнама» тұжырымдамасы бекітіліп, ұлық мейрам 10 күн бойы танымдық-тағылымдық іс-шара аясында өтеді. Жылдан-жылға бұл мереке жалпыхалықтық парасатпен астасып келеді. 20 наурызды Ұлттық спорт күні деп бекітудің де мәні зор. Ұлттық ойындардың қарқынды дамуына ұлық мерекеде ұйымдастырылатын түрлі сайыстар зор серпін береді. Күн мен түн теңеліп, тіршілік атаулының түлеп, жаңаруымен тұспа-тұс келетін ұлттық спорт мерекесі ел ішін дүбірге бөлейді. Атаулы мереке қарсаңында Ұлттық спорт қауымдастығының президенті лауазымына жақында тағайындалған Еркебұлан ІЛИЯСОВПЕН сұхбаттасудың орайы келген еді.
Қоғам • 20 Наурыз, 2025
Былтыр цифрлық паспорттау жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын Астана, Атырау қалалары мен Атырау облысының жолдарын қамтыды. Биыл орталық және оңтүстік өңірлердің жолдарын цифрландыру жоспарланып отыр. Цифрлық паспорттау – жолдың әр телімі туралы ақпаратты жинау, өңдеу мен сақтау жүйесі, ұзындығы, жабыны, санаты, таңбалаудың болуы және басқа инфрақұрылымдық элементтер сияқты параметрлерді қамтиды.
Университет • 20 Наурыз, 2025
Былтыр Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойы аясында Орталық Азияның қуатты суперкомпьютері осы оқу орнына орнатылды. Базаргүл Мәткерімқызы – осы құрылғыны емін-еркін меңгеріп, оның қыры мен сырын студенттерге үйретіп жүрген білікті оқытушының бірі.
Байқау • 20 Наурыз, 2025
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 1-курс студенттерінің «Фемида – 2025» кәсіби сайысы өтті. «Құқықтану» және «Әкімшілік әділет» білім бағдарламалары бойынша бес команда арасында өткен сайыс елімізде заң мен тәртіп идеологиясын тереңдету бағытына арналып отыр.