Тұлға • 20 Наурыз, 2025
«Жырым мені ешқашан өлтірмейді...»
Биыл – Алаштың аяулы да, арда ақыны Тұманбай Молдағалиевтің мерей жылы. Махаббат жыршысы, табиғат сәулеткерінің тоғызыншы асқарын ұлан-байтақ жазиралы Отаны, сүйікті ел-жұрты дүбірлетіп өткізуде. Қуантып, сүйіншілеп келген көгілдір көктемнің лағыл лебі туған даласының аспанын шарлап кеткендей. Алыс қиырлардан қиқулап асығып жеткен қанаттылар да небір сиқырлы сазды әуездерін құйқылжытатын секілді. Иә-иә... Дәл сол Тұмағаң сөзін жазған «Құстар әні»... Іле-шала жүректерде жатталған әсем әуездер біріне-бірі үздіксіз ұласқан... Құлақ түбінде әлдеқайдан талып естілген сағынышты сарын құмығып жаңғырады. «Жырым мені ешқашан өлтірмейді, Әнім, мені алысқа жетелерсің-жетелерсің...».
Дәстүр • 20 Наурыз, 2025
Бозала таңнан тіршілігі қайнап жататын Бозанбай ауылы көгінен қай заманда да қыран құстың саңқылы кетпеген берекелі де мерекелі мекен. Бүркітшілердің жыл сайынғы дәстүрлі додасы да осы ауылдың төңірегіндегі төбеде өтеді. Сол сайыстардан кішкентай Айзере бірде-бір рет қалып көрген емес. Құсын көтеріп нөпір халықтың ортасында жүреді. Бүркітті сәнге бақпайды, сайысқа баптайды. Ең бастысы, ата дәстүрді жалғап келеді.
Спорт • 20 Наурыз, 2025
Алматының «Айсұлуы» Еуропаның әйелдер хоккей лигасының (EWHL) финалына жолдама алды. Енді олар 21-23 наурыз күндері Аустрияның Санкт-Пельтен қаласының «Sabres» клубымен шеберлік байқасады. Қазіргі кезде «Айсұлудың» сапында Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мәдина Тұрсынова, Малика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Алина Иванченко, Татьяна Королева, Лариса Свиридова сынды еліміздің құрама командасының мүшелері өнер көрсетіп жүр.
Тарих • 20 Наурыз, 2025
Талас ауданы туралы әкем жиі айтатын. Бес жыл бірге оқыған досым Көшербек сол жерден дейтін. Даласын керемет суреттейтін. Бір көңілді отырғанда студент кезінде сол Таластың бір қызын жақсы көргенін еске алушы еді. Қалайда, сол киелі жермен біздің әулетте бір тылсым байланыс бар секілді. Институтты бітіріп, қолыма жолдама берген жер Талас ауданы болып шыққан. Мектепте оқып жүргенде атама берген уәдем бар еді, «Сіз салдырған мектепте, әкем еңбек еткен «алтын ұяда» ұстаздар династиясын жалғастырам» деп. Алматыға барып, министрдің орынбасарына кіріп, жағдайымды ашық айтып, жолдамамды өз ауылыма бұрып алдым. Бірақ сол Таласты бір көруді армандадым.
Ғалам ғажаптары • 20 Наурыз, 2025
«Alibaba» компаниясының негізін қалаушы Джек Ма бизнес бастамай тұрып, 30 рет жұмысқа орналасуға тырысып, бәрінен «жоқ» деген жауап алған.